қазақша · русский · english
 
 
 
21.12.2016

12.12.2016 мен 15.12.2016 аралығында Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар және ЖОО дайындық кафедрасы шетел студенттеріне арнап ҚР Тәуелсіздігіне орай Алматы қаласына экскурсия ұйымдастырды.
12.12.2016ж. Т.Т. Айтказина, В.А. Казабеева мен Л.К. Мамытбекова Қытай, Иран, Корея, Литва мен Вьетнамнан келген студенттерге Медеу мұз айдынын таныстырды. Экскурсия жетекшісінің тәуелсіздік, тарихи ескерткіштер туралы әңгімелерін шетел азаматтары мұқият қызығушылықпен тыңдап, Қытайдан келген қандас бауырларымыз ата-әжелерінің туған жерлері туралы айтқан әңгімелерін естеріне алып, өздерінің қазақ екендіктерін мақтан тұтып, жақсы ойлармен бөлісті. Вьетнам елінің студенттері Медеу мен Шымбұлаққа таңырқай қарап, өз елдерінде қар болмайтынын айтып, есімізде мәңгі сақтап қаламыз деді.
13.12.2016 ж. Б.С. Балгазина, Г.Б. Шарипова мен Д.А. Алиева оқытушылардың ұйымдастырумен ҚР мемлекеттік мұражайына барды. Оңтүстік Корея студенттері алтын адам монументіне таңданыстарын білдірді. Сол күні кешкі уақытта оқытушы Л.К. Мамытбекова ҚХР Іле университетінің студенттерімен М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында «Сыған серинадасы» қойылымын тамашалады.
14.12.2016ж. кафедра жетекшілерінің ұйымдаструымен №8 жатақханада «Бір шаңырақ астында» тәрбиелік шарасы өтті. Мерекелік дастархан жайылып қазақтың ұлттық тағамдары қойылып дәмнен ауыз тигізді. Сонымен қатар келе жатқан Тәуелсіздік күні жайлы мағұлыматтар айтылды.
15.12. 2016ж. С.Б. Бегалиева, Т.Ж. Токтарова, Г.М. Нурахунова оқытушылары студенттермен ҚР Ұлттық кітапханасына барды. Экскурсия жетекшісі кітап қорының толығуы тарихымен таныстырды. Ұлттық кітапханада Ресей, ҚХР Иран, Пәкістан, Турция мәдени орталықтары ашылғанынан хабаардар болды. Сонымен қатар кітапханада Мұрат Әуезовпен кездесіп сұхбаттасты. Студенттерге ұйымдастырылған шаралар ұнап, көңілдерінен шықты.

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler