қазақша · русский · english
 
 
 
26.12.2016

Қытайда болып қайтты

         Қытай елінің «Санья» университетінің шақыруымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің делегациясы әріптес оқу орнында болып қайтты. Кездесу барысында екі тарап білім беру, инновация алмасу, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру жөніндегі келісім-шартқа қол қойысты. «Санья» университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-дың таныстырылымы өтті. Сондай-ақ студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы туралы шартқа да қол қойылды.

         Кездесуге Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті тарапынан Оқу ісі жөніндегі проректор, профессор Құлсариева Ақтолқын Тұрлыханқызы, Дайындық факультетінің деканы, профессор Жанбеков Хайрулла Нышанұлы, Жаратылыстану және география институтының директоры Каймулдинова Күләш Дүйсенбайқызы, Шығыс тілдері және аударма кафедрасының доценті Фарида Оразақынқызы қатысты.

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler