қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
22.10.2019

Құрметті әріптестер!

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Сіздерді 2019 жылдың 22 қарашасында өтетін «Рәбиға Сыздық феномені: қазақ тіл білімінің бүгіні мен болашағы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырады. Іс-шара белгілі тілші-ғалым, түркітанушы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Түркия «Dil Kurumu» лингвистикалық қоғамының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың, «Құрмет белгісі», «Парасат», I дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері, есімі Қазақ ССР-інің «Құрметті Алтын кітабына» жазылған қазақ тілтанымының кемеңгері, филология ғылымдарының докторы, профессор Рәбиға Сәтіғалиқызы Сыздықтың туғанына 95 жыл толуына орай өткізіліп отыр.

 

Конференцияда оның ғылыми мұрасы, өзі құрған қазақ тіл білімі мектебі, қазақ және түркі тілдерін рухани жаңғырту саласындағы соңғы зерттеулері қарастырылады.


Өткізілетін орны: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің үлкен мәжіліс залы (225 ауд). Конференцияға қатысушыларды тіркеу сағат 9.00-ден бастап жүргізіледі.