қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
29.08.2019

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде постдокторлық бағдарлама стипендиатының бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (бұдан әрі - Абай атындағы ҚазҰПУ) 3 жылға дейінгі мерзімге ғылыми қызметті жүргізуге толық штаттық бірлікке постдокторлық бағдарламаның стипендиатының бос лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарлайды.

 

Зерттеулердің басым бағыттары:

- психологиялық-педагогикалық ғылымдар;

- әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар;

- жаратылыстану ғылымдары;

- ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар.

 

«Постдокторлық бағдарламаның стипендиаты» лауазымына ғылыми мектептермен айналысуға, ғылыми мектептердің қалыптасуына, жаңа ғылыми бағыттардың ұйымдастырылуына және дамуына ықпал ететін танымал қазақстандық және шетелдік ғалымдар қабылданады.  Үміткерлерге қойылатын талаптар:

-  PhD дәрежесінің болуы;

- соңғы 5 жылда Clarivate Analytics компаниясының Journal Citation Reports деректері бойынша 1,2,3 квартиліне кіретін немесе Scopus деректер базасында CiteScore процентиль көрсеткіші бойынша 35-ден кем емес бір немесе бірнеше ғылыми сала бойынша халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланымдардың болуы;

- Хирш (Hi) индексінің болуы;

- ағылшын тілін меңгеруі (мүмкіндігінше).

 

Конкурсқа қажетті құжаттар: конкурсқа қатысуға өтінім, түйіндеме, ғылыми-зерттеу жобасына өтінім, үміткерлерге жоғарыда көрсетілген талаптарды растайтын құжаттама портфолиосы (дәйексөздер базасынан алынған скриншоттар, шетелдік басылымдардағы жарияланымдардың көшірмелері және т.б.).

 

Конкурстық өтінімдер 2019 жылдың 1 қазанына дейін Абай атындағы ҚазҰПУ-дің Ғылым департаментіне қабылданады. Мекенжайы: Алматы қ., Қазыбек би к-сі, 30,  каб. № 203-а, 201. Жауапты тұлға: ғылым департаментінің директоры Сахиев Саябек Қуанышбекұлы. Тел: 291-65-29.

 

«Постдокторлық бағдарламаның стипендиаты» лауазымы туралы Ережемен Абай атындағы ҚазҰПУ сайтында танысуға болады.

 

«Постдокторлық бағдарламаның стипендиаты» қызметін атқару туралы Ереже

 



7

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler