қазақша · русский · english
 
 
 
25.09.2019

Египет қазыналарының көрмесі

 

2019 жылдың 24 қыркүйегінде «Тарихқа саяхат» тарихи клубының студенттері ғылыми жетекшісі, п.ғ.к., доцент Т.Т. Далаевамен Қазақстан Республикасының Орталық музейіндегі «Египеттің қазыналары» көрмесін тамашалап қайтты.


Көрмені Қазақстан Республикасындағы Египет Араб Республикасы Елшілігінің Мәдениет және Білім беру орталығының директоры, профессор Ранда Махмуд Ризк ханым ашты. Көрмеде студенттер перғауындар әулетінің тарихын бейнелейтін құнды мұражай заттарын, тұрмыстық заттарды, папирус, былғары, металлдан және ағаштан жасалған бұйымдарды, сонымен қатар декоративті-қолданбалы және каллиграфиялық өнердің заманауи бұйымдарын, оның ішінде құдайлардың мүсіндік фигураларын, ежелгі шамдарды, құмандарды, құмыраларды, сәндік құмыралар металдан және ағаштан жасалған, тақтайшалар, маржан мен сүйектен жабылған қобдишалар, ежелгі қорымдар мен құдайлар бейнеленген суреттер және тағы басқа да заттарды тамашалады. Көрмеде көрген ақпарат студенттер үшін пайдалы болды және тарихтың музей кеңістігінде қалай көрінетіндігі туралы түсініктерін айтарлықтай кеңейтті.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler