қазақша · русский · english
   

Жатаханадағы кеңес беру

 

2018 жылғы 21 желтоқсанда №3 жатақханада кезекшілік кезінде орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті Зинаида Поляк емтиханға дайындық жөнінде кеңес өткізді. Бірінші курс студенттері «Филологияға кіріспе» пәні бойынша тест тапсыруға дайындық үстінде. Мұғаліммен әңгімелесуден кейін кейбір қиын сұрақтар анықталды.


Әңгіме емтиханға дайындалумен шектелмеді. Студенттер болашақ білім беру тәжірибесіне қызығушылық танытып, ғылыми жұмыс тақырыптарын таңдау туралы және болашақ мұғалім мамандығы бойынша өз ойларын ортаға салды. Осындай бейресми кездесулер мұғалімдерге студенттердің мүдделерін жақсы түсінуге және сенімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.

 

  

 

Тәуелсіздік күнін бірге мерекелейміз

 

2018 жылы 6 желтоқсанда «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің академиясы бірлесіп Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара өткізді.


Филология және көптілді білім беру институтының мамандықтарының студенттері мерекені интеллектуалды ойынмен ашты. Ойын қатысушыларының арасында Қазақстанның тарихы, мәдениеті және әдебиеті тақырыптары іс-шара барысында қамтылды. Командалар капитандарының риторика өнеріндегі күресі, «Менің туған жерім» тақырыбында терең ой-пікірлері де көрермендердің шынайы қызығушылығын тудырды.


Мереке филология факультетінің студенттері мен курсанттарының бірлескен концерттік бағдарламасымен жалғасты. ҚазҰПУ-дың студенттері мен курсанттар достығы бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Кафедра меңгерушісі Сәуле Әбішева мерекенің жас қатысушыларына және олардың тәлімгерлері Галина Қадырова мен Зәуре Өмірзақоваға және біздің докторантураның түлегі, аға оқытушы Ольга Загинайкоға алғысын білдірді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

 

   

 

   

 

Тұңғыш Президент күні

 

2018 жылы 30 қарашада орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.


Кафедра докторанттары іс-шараны қызықты өткізді. Кеш Н.А. Назарбаевтың маңызды кезеңдері жайлы бейнефильмнен басталды. Көптеген қонақтар тек тыңдаушылар ғана емес, сонымен қатар мерекелік іс-шараның қатысушылары болды: олар викториналық сұрақтарға жауап берді, сурет салды және Президентке жолдаған құттықтау қағаздарын ұсынды.


Мереке керемет концерттік қойылымдармен жалғасты.

 

   

 

   

 

Қала сыйлық ретінде

 

2018 жылдың 11 қарашасында 1 курс студенттері өз кеңесшісі Галина Қадыровамен Алматы қаласын төрт сағаттық экскурсиямен аралап шықты.

 

Биылғы бірінші курс студенттері Қазақстанның түрлі аймақтарынан келген. Экскурсия барысында олар қаланың көрнекті орындарымен, Алматы тарихымен танысып, Тұңғыш Президенттің саябағында, Медеуді, түнгі Көктөбені көрді. С

 

туденттер көптеген әсер алды, бірақ жаңалықтар енді ғана басталуда!

 

   

 

Бірінші курс студенттері - опера және балет театрында

 

2018 жылдың 2 қарашасында «5В011800 - орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс студенттері өз эдвайзері Галина Қадыровамен Абай атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық опера және балет театрында болды. Студенттер «Кармен-Люкс» (Ж.Бизе - Р.Шедрин) және «Шехеразада» (Н. Римский-Корсаков) екі бірактілі балетті тамашалады. Студенттер театрдағы қойылымның теледидарддан әлдеқайда жарқын және әсерлі екендігін мойындады.

 

   

 

Елбасының Жолдауын талқылау

 

Ағымдағы жылдың 19 қазанында Филология және көптілді білім беру институтының студенттері Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын талқылады.

 

Аталмыш жолдауды талқылау шарасын өз кеңесшісі басшылығымен «Орыс тілі мен әдебиеті - 5В0118800» мамандығының 1-курс студенттері ұйымдастырды. Талқылау барысында сөз алған бірінші курс студенттері Президент Жолдауындағы білім саласына қатысты тараулар бойынша өз ойларымен бөлісті. Студент жастар неліктен мектепке дейінгі білім сапасын түбегейлі көтеру керек екендігін өздері көзі жеткен, күнделікті өмір тәжрибелері негізінде көрсетуге тырысты сондай-ақ, орта мектепте білім сапасын бағалаудағы жаңа жүйенің артықшылықтарын, жоғары білім саласында мамандарды дайындау сапасын арттыруға қойылатын талаптар қалай болмақ деген мәселені қозғады.

 

Болашақ ұстаздар үшін әсіресе Елбасының алдымыздағы жылы «Мұғалімнің мәртебесі туралы» Заң қабылдауды ұсынуы өте өзекті болды.

 

Талқыланып отырған тақырып жастардың көңілінен шықты, және бұл ең көкейкесті, көптен күткен Жолдау студенттердің ынта-жігерін арттырып, білімге құлшыныс, болашаққа сенімін арттырды.

 

Елбасының Жолдауында айтылған міндеттерді, шешу біздің еншімізде!

 

   

 

Бірінші курс студенттері театр қойылымында

 

2018 жылдың 12 қазанында «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс студенттері М.Ю. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында өткен польшалық драматург Тадеуш Слободзянектің «Біздің сынып. 14 сабақтық Тарих» қойлымын тамашалап қайтты.

 

Сахнада кешегі достар, сыныптастар ұлдар мен қыздар жауларға айналады. Бұл тек Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі шағын Польша қаласындағы оқиғалар ғана емес, бұл төзімсіздік пен аясыздық орнаған әлем метафорасы.

 

Бүгінгі жастармен тарихтың қиын сабақтары туралы режиссер мен актерлар театр тілімен сөйлейді. Біздің студенттер осы тілді түсінуге тырысты.

 

 

Бірінші курс бастады - жеңеді!

 

2018 жылдың 28 қыркүйегінде орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында мерекелік көңіл-күй болды. Мұғалімдер күні қарсаңында 1 курс студенттері өз мұғалімдерін құттықтады. Концертте сыршыл әндер орыс және қазақ тілдерінде айтылды. Бірінші курс студенттері өздерінің өлеңдерін оқып, би мен көңілді жарыстарда өз дарындарын көрсетті. Мерекенің керемет көңіл-күйін болашақ филологтардың жаңа буынын қуана қарсы алған жоғарғы курс студенттері қолдады.


Студенттердің оқытушыларға жолдаған алғыс сөздеріне кафедра меңгерушісі Абишева Сауле Джунусовна жылы лебізін білдіріп, болашақ мұғалімдерге сәттілік тіледі.

 

   

 

   

 

   

 

  

 

Жаңғыру мерекесі

 

2018 жылдың 30 наурызы күні Наурыз мерекесіне орай Филология және көптілді білім беру институтының студенттері мен ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызметі Академиясының курсанттарымен дәстүрлі кездесу өтті.

 

Академияда орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының докторантура түлегі PhD докторы, майор Ольга Загинайко қызмет атқарады. Ол бұл кездесуді орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының жас оқытушылары Малика Аймагамбетова мен Эльмира Жанысбековамен бірге ұйымдастырды.

 

Студент - филологтар мен шекара - курсанттары арасындағы достық жемісті және көркемді өтті: кештің сценариін дайындау, концерттік ән мен би нөмерлер, көңілді сайыстар - бұның бәрі біздің тәрбиеленушілерге демалуға ғана емес, сонымен қатар әрбір іске креативті түрде қарауды, ұйымдатырушылық қабілетті жетілдіруге көмектеседі. Болашақ офицерлерге де, болашақ ұстаздарға да осындай қабілеттер кәсіпқойлық жұмыстарында қажет болады.

 

       

 

       

 

       

 

       

Күлкі күні

 

2018 жылдың 1 сәуір күні №3 жатақханасының 1 курс студенттері дәстүрлі мереке - Күлкі күніне жиналды. Осы жолы көңілді жарыстарды өз шәкірттеріне орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті Зинаида Поляк дайындады. Филологиялық жұмбақтар, қызықты өлеңдер мен әндер, координациялық қимылдауға арналған тапсырмалар қыздарды қызықтырғаны соншалықты, бүкіл кеш бойы демалу бөлмесінен күлкі естілді. Оқу, әрине, - басты болса да, «Еңбек ете білген, күле де біледі», деген халық даналығын ұмытпайық!

 

  

 

«Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» талқылау

 

2018 жылдың 14 наурызы күні орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында Н.Ә.Назарбаевтың Астана қаласындағы парламент мәжілісінде жасаған баяндамасы талқыланды.

 

Елбасы әлеуметтің жаңаруға бағытталған бес бастамасын атап шықты.

 

Кафедра доценті Елена Ломова «Өркендеудің бес қадамы» тақырыбында баяндама жасады. Студенттер, магистранттар мен оқытушылар талқыланған тақырыпқа үлкен қызығушылық танытты, өйткені Президенттің көтерген бастамалары барлық қазақстандықтардың өзекті мәселелері болып саналады.

 

Баяндаманы талқылау кезінде «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» орындау негізінде Жол картасы жобасының орындалуы жайында айтылды.

 

  

 

Студенттер Елбасымыздың Жолдауын талқылауда

 

2018 жылдың 14 ақпанында «Орыс тілі мен әдебиеті» және «Орыс тілін оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтарының 2 курс студенттері ( эдвайзерлер Дамина Шайбакова и Манат Мусатаева) Қазақстан Республикасының Президеті Н.Ә. Назарбаевтың өткен жылдардағы Қазақстан халқына арналған Жолдауларындағы білім және ғылым концепциясымен танысты.

 

«Қазақстан Республикасының Президеті Н.Ә. Назарбаевтың Жоладуларындағы Білім және Ғылым мәселелері» тақырыбында баяндаманы орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры Дамина Шайбакова жасады. Болашақ педагогтар Президентіміздің енгізген бағдарламалары уақыт өте келе орындалатынын белгілеп кетті. Студенттер болашақтағы Қазақстандағы білім жағдайы, мәселелері туралы пікірлермен алмасты.

 

 

Мереке жалғасуда


2017 жылдың 11 желтоқсан күні орыс тілі және әдебиет кафедрасы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара өткізді. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік әскери Академиясының курсанттары бұл мерекеге қатысты.


Қуанышқа орай бұл курсанттармен өткізілген іс-шара бірінші рет емес. Академия мен Абай атындағы ҚазҰПУ арасында тәрбие жұмыс негізінде табысты серіктестік орнатылған. Осы жолы бұл кездесуді академия оқытушысы, PhD докторы, майор Ольга Загинайко мен орыс тілі және әдебиет кафедрасының жас оқытушылары Малика Аймагамбетова және Эльмира Жанысбекова ұйымдастырды.


Фотосуреттер кештегі мейрамды және салтанатты атмосферасын көз алдымызға елестетуге көмектеседі. Бағдарламада курсанттармен қатар өз вокалдық талантын, актерлік шеберлігін, бишілік өнерін көрсеткен бакалавр студенттері қатысты.


Орыс тілі және әдебиет кафедрасының меңгерушісі Сәуле Әбішева өзінің жылы қорытынды сөзінде концерт қатысушыларының азаматтығы мен отаншылдықтарын ардақтап, шын жүректен кеш қонақтары мен иелеріне алғысын білдірді.

 

     

 

  

 

  

 

  

 

   

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мереке

 

2017 жылдың 8 желтоқсан күні орыс тілі және әдебиет кафедрасындаҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік - тұғырым» атты мереке өтті.

 

Салтанатты бағдарламаны және концертті эдвайзер Айымгүл Қазкенованың жетекшілігімен 6М012200 мамандығының 1 курс магистранттары өткізді.

 

Концерт қатысушылары еліміздің табыстары жайлы өздері жасаған бейнероликтерімен, Отан туралы әндерімен, домбырада орындалған күйлерімен, қазақтың халық биімен және әдемі өлеңдерімен шаттықты атмосфераны тудыра алды. Көрермендер 1986 жылы желтоқсан айында болған драмалық жағдайға арналған қойылымды қошеметтеді. Сценарий бойынша қазақтың ұлттық дәстүрлері шашу мен сүйінші де бұл мерекеге үйлесе кетті. Концерт соңында көрермендермен бірге «Жаса Қазақстан» әні шырқалды.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ жастары шаттықты көңілмен Тәуелсіздік Күні мерекесін қарсы алды!

 

    

 

  

 

  

 

 

 

    

 

Жазушымен кездесу

 

Замандас жазушылар мен ақындар Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жиі қонақтары. Филология және көптілді білім беру институтытының студенттері Бахыт Қаирбеков, Үміт Тажикенова және Лиля Калауспен шығармашылық кездезулерге қатысты.

 

2017 жылдың 7 желтоқсан күні 2 курс магистранттарының шақыруымен бізге танымал қазақстандық жазушы Илья Одегов келді.

 

Замануи әдебиетті сүюшілер бұл адамды жақсы біледі. Илья Одегов - қазақстандық және мәскеулік баспаларында щыққан кітаптардың, «Новый мир» және «Дружба народов» атты ресейлік журналдарда шыққан әңгімелердің авторы. Ол беделді әдебиет сыйлықтардың лауреаты және халықаралық әдебиет конкурстарының дипломаты. Сонымен қатар Илья Одегов жазушылықпен қатар аудармашы, музыкант және әдебиет ұстарлығының оқытушысы ретінде танымал.

 

Кеш қонағы Илья Одегов студенттер мен магистранттар және орыс тілі мен әдебиет кафедрасының оқытушылары тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, қызықты, өзіне тән әзілімен, ақ пейілді және дарынды жарқындылығымен аудиторияны баурап алды.

 

Жас филологтар, соның ішіндегі жаңа бастаушы жазушылар, балғын әдебиетті зерттеушілер, бұл кездесуден өнегелі сабақ және өз жұмыстарына негізделген шығармашылық шабыт алды.

 

  

 

 

 «Сиқырлы шам» клубында ғылыми фантаcтика жанры талқыланды


2017 жылдың 13 қарашасында №3 жатақханада әдебиет сүйерқауым  «Сиқырлы шам» клубының кездесуіне жиналды.  Орыс тілі және әдебиеті кафедрасының доценті Поляк Зинаида Наумовна 1 және 2 курс студенттеріне ғылыми фантастика шығармаларындағы тылсым құпияларын айтып берді.

 

Аркадий және Борис Стругацкийлердің шығармаларының және Джон Уиндемнің «Триффидтер күні» романының (аударған Aркадий Стругацкий) сюжеттері тыңдаушыларды бірегейлігімен және философиялық тереңдігімен тамсандырды. Енді фантастика жанрының жанкүйерлер қатары көбейді!

 

 

«Сиқырлы шам» кітап клубы


Кітап - ғажайып нәрсе! Сіз оны ашқанда, ол сізді ашады.


Филология және көптілді білім беру институтының студенттері бұл тамаша жаңалықты жасады. Олар әдебиетке және өздерінің құрдастарының арасында әдебиетті оқуға деген қызығушылықты қайта жандандыруды қалады. Осы себепті, «Сиқырлы шам» әдеби клубы пайда болды. Клубтың негізін қалаушылар мен идеяның бастамашылары «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенттері Аружан Мұталханова мен Айбарша Орынбасарова.


Клубтың дебюті 2017 жылдың 2-қарашасында өтті. Бірінші кездесу Хэллоуин стилінде өтті. Осындай әдеби кештерде шығармашылық қабілеттері бар студенттер - театр, музыка, көркем өнер аясында өздерінінің дарындарын дәлелдей алады.
Жаңа әдеби клубқа қызықты шығармашылық жаңалықтар тілейміз!