қазақша · русский · english
   

 

Ғылыми бағыттар

 

Практикалық тілдер кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми-зерттеу қызметі «Мектепте және жоғарғы оқу орнында орыс тілін кәсіби бағытталған оқытудың процесін оңтайландыру» жалпы кафедралық тақырыбымен үйлестіріледі.

Кафедраның негізгі ғылыми бағыттарына жататындары:

1. Қазақстанның жоғарғы мектебінің көп тілді және көп мәдениетті білім беру кеңістігіндегі қазақ және орыс тілдері.

2. Тілдік емес және гуманитарлық факультеттерде кәсіби тілді оқыту.

3. Қазақ аудиториясына орыс тілін туған тілді меңгергеннен кейінгі және орыс тілді аудиторияға қазақ тілін туған тілді меңгергеннен кейінгі несиелік оқыту жағдайындағы инновациялық техологиялар.

4. Жоғарғы оқу орындары және қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек тілінде оқитын мектептерге арналған орыс және қазақ тілдері мен әдебиеті бойынша оқулықтарды жасаудың териясы мен практикасы.

5. Орыс, қазақ және ағылшын тілдерін салыстырмалы-типологиялық зерттеу.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы үлгілік және оқу бағдарламаларының авторлары болып табылады. Мысалы, п.ғ.д. проф. Шаханова: Р.А.:  Білім беру бағдарламасы. 6M011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы (магистратура). Алматы, 2012. -21 б. (Хенрик Янковский, Қосымова Г.С., Шаханова Р.А., Балтабаева Ж.К.);  Білім беру бағдарламасы. 6M012100 «Казахский язык и литература с неказахским языком обучения» мамандығы (магистратура). Алматы, 2012. -30 б. (Абдоллаһ Кок, Балтабаева Ж.К., Шаханова Р.А., Қосымова Г.С.) және т.б.; пед.ғ.к., доц. ф.ғ.к., доценттер Маймакова А.Д., Кадырова Г.Р.: 5В010300 - «Педагогика и психология» мамандығы бойынша білім алушы студенттерге арналған «Типовая учебная программа по дисциплине «Профессиональный русский язык».- Алматы, 2013. - С. 106-119;

оқулықтардың авторлары: пед.ғ.д., проф. Шаханова: Орыс мектебінің 7 сыныбына арналған «Казахский язык». - Алматы: Атамұра, 2000, 2002. (бірлескен авторлықта);  пед.ғ.к., проф. Кажигалиева Г.А. Русский язык. Жалпы білім беру мектебінің 6 сыныбына арналған оқулық. - 3 басылым, қайта өңделген. - Алматы: Атамұра, 2011. - 288с. (бірлескен авторлықта); Русский язык. Жалпы білім беру мектебінің 6 сыныбына арналған оқулық. - 4 басылым, қайта өңделген. - Алматы: Атамұра, 2015. - 288с. (бірлескен авторлықта); пед.ғ.к., доц. Бекишева Р.И. (Гуревич Г.Ф., Шаймакова Р.К.) «Русская речь». - Қазақ тілінде оқитын жалпы білім беру мектебінің VI сыныбына арналған оқулық. - Алматы: Атамұра, 2011.-  268с.; Бекишева Р.И. (Гуревич Г.Ф., Шаймакова Р.К., Саттарова Г.С.) «Русская речь» Ұйғыр тілінде оқитын жалпы білім беру мектебінің VI сыныбына арналған оқулық. -  Алматы: Атамұра, 2011. - 268с.; Бекишева Р.И.(Гуревич Г.Ф.) «Русская речь. Қазақ тілінде оқитын жалпы білім беру мектебінің VI сыныбына арналған дидактикалық материал». -  Алматы: Атамұра, 2011. -108с.; Бекишева Р.И. (Гуревич Г.Ф., Шаймакова Р.К.) «Книга по литературному чтению для VI класса общеобразовательной школы с казахским языком обучения». - Алматы: Атамұра, 2011. - 95с. және т.б.; Кажигалиева Г.А., Боранбаева З.И., Кадырова Г.Р., Раимбекова М.А., Цой А.А. «Русский язык в системе подготовки учителя-предметника». Оқу кітабы. - Алматы: Тау-Самал, 2010. - 696 с.

Кафедра мүшелері орыс тілі және әдебиетінің қолданыстағы оқулықтарының және жаңа буындағы оқулықтардың авторлары болып табылады. Ол өз кезегінде мектеп оқулықтарын жасаудың теориясы мен практикасы бойынша өзекті тақырыпты әзірлеуге себепкер болды (профессор Г.А. Кажигалиева, доцент Р.А. Бекишева). Оқу-әдістемелік кешендердің авторларына методологиялық негіздерді анықтау өз кезегінде «Русский язык» пәні бойынша мектеп оқулығының бірегей дидактикалық тұжырымдамасын әзірлеуге мұмкіндік берді. Соның нәтижесінде ҚР мектептерінің 6, 7, 8, 9, 10 сыныптарына арналған орыс тілі бойынша Оқу-әдістемелік кешені құрылды;  

оқу құралдары (Шаханова Р.А., Кажигалиева Г.А., Шахарман Г.П., Жумагулова Б.С., Маймакова А.Д., Кадырова Г.Р., Бекишева Р.И., Уюкбаева М.И., Тохтамова Р.К.,  Умирзакова З.А., Есимбек С.И., Амангелдиева Г.А.);

- ғылыми жобалардың қатысушылары (Шаханова Р.А., Кажигалиева Г.А., Маймакова А.Д., Кадырова Г.Р.);

- монография авторлары: п.ғ.д., проф. Шаханова Р.А. «Методика обучения казахскому языку с учетом специальности на русских отделениях в высших технических учебных заведениях» (2001); п.ғ.д., проф. Кажигалиева Г.А.   «Лингвокультурологический анализ художественного текста» (1999), «Культурологический аспект в работе над художественным текстом» (2000); ф.ғ.к., доц. Умирзакова З.А. (Ахметжанова З.К., Оналбаева А.Т.) «Культура в зеркале языка». -  Алматы: Елтаным баспасы, 2014. - 480 с.

Оқытушылардың зерттеулерінің келесі бір бағыты тілдік емес және гуманитарлық институттардың мамандық студенттеріне тілді оқытудың мазмұнын анықтаумен байланысты. Бұл тұрғыда «Русский язык» курсының мазмұнын таңдап алу кезінде оқытудың кәсіби бағдарын жүзеге асыру жүргізіледі: «Антропологическая модель обучения профессиональному общению на русском языке студентов казахских отделений педагогического вуза» (профессор Жумагулова Б.С., доцент Умирзакова З.А.);  «Контекстная технология обучения студентов русскому языку как неродному» (п.ғ.к. Бекишева Р.И.); «Научные основы отбора и систематизации учебного материала по русскому языку в условиях кредитной системы обучения» (доктор Кажигалиева Г.А., доцент Бекишева Р.И.); «Прагматическая технология обучения терминосистеме «Информатика» студентов-нефилологов в курсе русского языка» (аға оқытушы Тохтамова Р.К.); «Формирование коммуникативной компетенции в процессе обучения русскому языку студентов-нерусистов» (доцент Маймакова А.Д., доцент Кадырова Г.Р.).

Несиелік технологияны ендіруге байланысты мәселелер басымды болып табылады. Бұл бағытта кафедраның оқытушылары туған тілден кейінгі орыс тілін оқыту практикасына инновациялық технологияларды ендіру арқылы жұмыс істеуде. Осылай, аға оқытушы Тохтамова Р.К., PhD докторы Нурбаева А.М. «Тілдік емес мамандықтардың студенттерін орыс тіліне оқытудағы ақпараттық-компьютерлік технологиялар» атты зерттеулермен айналысуда.

Доцент Маймакова А.Д. және доцент Кадырова Г.Р. «Добро пожаловать в Казахстан»! (HTML) электрондық оқу құралын, доц. Умирзакова З.А. «Научный стиль русской речи». (PROFIT SOFT бағдарламалық өнімі, 2013),  электрондық оқулығын және Умирзакова З.А. бірлескен авторлықта «Развитие навыков литературной научной речи» (PROFIT SOFT бағдарламалық өнімі, 2013) электрондық оқу құралын дайындады.     

Ғылыми-ізденіс жұмыста салыстырмалы-типологиялық зерттеулер өзіндік орын алады. Ол өз кезегінде жоғары оқу орнына арналған орыс тілін оқыту практикасының линвистикалық базасын білдіреді: «Прагматика полемического дискурса: сопоставительное исследование» (профессор Жумагулова Б.С.).

Кафедрамен жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарының түрлері ішінде ғылыми жұмыстардың басылымдарын, ғылыми конференцияларға, біліктілікті арттырудың бағдарламаларына қатысуларды, еліміздің және шетелдің университеттерімен ынтымақтақтастықтарды, қала мен облыстың мектептеріне ғылыми-әдістемелік қолдау көрсетулерді ерекше атап өткен дұрыс.

Проф. Кажигалиева Г.А. - жастар арасындағы көптілділік бойынша Республикалық олиспиадалардың қалалық айналымының, орыс тілі бойынша жыл сайынғы Республикалық олимпиадалардың жюри мүшесі, Проф. Кажигалиева Г.А., доц. Османова З.Ж. - орыс және қазақ тілдері бойынша жыл сайынғы қалалық мектеп олимпиадаларының жюри мүшесі, унив. проф. Жумагулова Б.С. - «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы базасындағы комиссия мүшесі, 2016 жылғы 13-14 қазан, орыс тілін оқыту бойынша ТМД мемлекет-қатысушыларының Базалық ұйымының Қоғамдық Кеңесінің отырысының қатысушысы, 2016 жылғы 21-23 қараша.

Кафедра мүшелері ғылыми-зерттеулердің нәтижелерін Қазақстандағы, жақын және алыс шетелдердегі ғылыми конференцияларды апробациялайды, Қазақстанның, Ресейдің, Қырғыстанның, АҚШ, Жапонияның, Германияның, Англияның, Польшаның ғылыми журналдарында, кәсіби журналдар мен импакт-факторлы журналдарда жариялайды.

Кафедра оқытушылары  4 дана «Авторлық құқықты мемлекеттік тіркеу туралы куәлік» алған (авторлары: проф. Кажигалиева Г.А., доц. Кадырова Г.Р., доц. Маймакова А.Д.).

Кафедрада студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік ету жүзеге асырылады. Кафедра оқытушылары студенттермен бірге қазақ және орыс тілдері бойынша жыл сайынғы ғылыми-студенттік конференцияларға, қазақ тілі бойынша олимпиадаларға қатысады.

Қазақ тілінің оқытушылары жыл сайын Тілдер мерекесіне арналған кең көлемді шаралар өткізеді.

Кафедра жанында қазақ тілін тереңдетіп оқу бойынша студенттердің «Тіл тағылымы» ғылыми клубы жұмыс істейді.

Ғылыми клуб жұмысының мақсаты - өздігінен білім алу және өздігінен даму процесіне студенттерді белсенді араластыру, студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін қарқындату жолымен сұранысқа ие мамандарды қалыптастыру үшін қолайлы жағдайларды жасау мен дамыту. «Тіл тағылымы» ғылыми клубының студенттері екі айда бір рет өз газетін шығарады. Студенттік ғылыми клубтың маңызды мақсаты ғылыми-зерттеу шараларын ұйымдастыру мен өткізу болып табылады.