қазақша · русский · english
   
Біліктілікті арттыру

        Кафедрада педагогикалық тәжірибесі мол, үнемі біліктілік деңгейін шет елдерде (Ұлыбритания, Испания, АҚШ-та) көтеріп жүрген жоғары білікті мамандар дәріс береді, АҚ БАҰО «Өрлеу», Macmillan Education, Абай ат. ҚазҰПУ,Express Education, Халықаралық Туркітану Орталығқтарында өтетін курстарға белсенді катысып келеді.
        Кафераның аға оқытушысы М.Б. Тулегенова 07.11.2016-17.11.2016 аралығында Ұлыбритания -дағы Ньюкасл Университетінде АҚ БАҰО «Өрлеу» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының ЖОО педагогикалық мамандықтарының оқытушыларының біліктілігін арттыру курсынан өтіп келді.
         Сонымен қатар кафедра оқытушылары: Ж.Г.Кулекенова, Б.К. Куанышева, С.Т. Тлеубай, Ш.Т. Шангереева, З.А. Муканова, З.Н. Утегулова, Г.Ж. Есмуратова,Ж.Б. Бурибаева 07.11.2016-08.12.2016 аралықта бүкіл Қазахстан жоғары оқу орнындарынан келген оқытушыларға ағылшын тілінен курс оқыды. Курстың соңында халықаралық дәрежедегі оқытушы сертификатын алды.
          Аға оқытушылар: Б.К.Куанышева,З.Н. Утегулова, В.И.Альмуханова, Г.О.Беркинбаева 07.11.2016-14.12.2016 аралықта ҚазХҚжӘТУ-де өткен біліктілікті арттыру курсынан өтіп сертификат алды.