қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
26.03.2019

«Рухани жаңғыру - білім саласының жаңа көкжиегі»

 

10 сәуіде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Тарих және құқық институтының «Әлем тарихы» кафедрасы «Рухани жаңғыру - білім саласының жаңа көкжиегі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.


Конференция аясында «Ұлы Даланың Жеті қыры» тақырыбында мектептің 10-11 сынып оқушылары арасында ғылыми жоба байқауы ұйымдастырылады.

 

Конференция төмендегі бағыттар бойынша жұмыс жасайды:

- ҚР Бірінші Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы Даланың Жеті қыры» мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыру;

- Тарихи сананың жаңғыртудың жаңа көкжиектері;

- Қазақстан тарихындағы атақты Ұлы Дала тұлғаларының рөлі;

- «Туған жер» бағдарламасы отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі.

 


Қатысушыларды тіркеу - 09:30, басталуы - 10:00.


Өткізілетін орны: Алматы қ., Жамбыл көш., 25, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың мәжіліс-залы.

 

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 050010, Алматы қ., Жамбыл көш., 25, Тарих және құқық институтының «Әлем тарихы» кафедрасы.

 

Байланыс тел.: 8(727) 291-03-09 8-701-398-13-07 Гулькыз Жусанбаева, 8-747-144-87-10 Гулнұр Көккөзова, e-mail: gulkiz61@mail.ruk-gulnur-m@mail.ru.   

 

Ақпараттық хат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 



5

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler