қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
05.12.2016

 

 

 

Ә.Қ.Шоқанов МФИИ математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының профессоры 2016 жылдың 14 қыркүйегінде Астана қаласындағы АҚШ және ҚР энергетикалық серіктестігі бағдарламасының аясында Қосымша хаттаманың халықаралық кепілдіктерді қолдану бойынша Халықаралық семинарына қатысты. Семинарға ҚР-ның ЖОО-дарының жетекші ғылыми қызметкерлері мен оқытушылары шақырылды. Семинар жұмысына атомдық энергия бойынша халықаралық агенттік (МАГАТЕ), АҚШ энергетика министрлігі және ҚР ЭМ атомдық жәнеэнергетикалық қадағалау және бақылау Комитеті қызметкерлері қатысты. Семинар қатысушыларына қорытынды тестілеуден кейін халықаралық сертификаттар берілді.
2016 жылдың 07 қарашасы мен 10 қараша аралығында Ұйымдастыру комитетінің шақыруымен профессор Ә.Қ.Шоқанов ADIPEC 2016 (БАӘ, Абу-Даби) Конференциясына және Халықаралық көрме жұмыстарына қатысты.

ADIPEC 2016 негізгі тақырыптық бөлімдері: мұнай және газ және мұнай және химиялық өнеркәсібінің технологиясы мен құрылғылары, мұнай өндіру кеніштерін барлау; мұнай және газ өнеркәсібінің қызметтері мен заманауи технологиялары, соның ішінде, қоршаған ортаны қорғау мен қауіпсіздігі; бақылау-өлшеу және талдау құрылғылары; автоматтандыру жүйесі, коррозиядан қорғау.
ADIPEC 2016 конференциясында әлемнің 90-нан астам мемлекеттері, 70 мыңға жуық шақырылған мамандар қатысты, 300-ден аса ғылыми баяндамалар тыңдалды, мұнай және газ өнеркәсібінде заманауи технологияларды қолдану мәселелері талқыланды. Мұнай және газ өнеркәсібінде зерттеудің экспериментальды физикалық әдістерін қолдану және нанотехнология бойынша жұмыстар ерекше қызығушылық тудырды.
ADIPEC конференциясының ерекшелігі ең жоғары деңгейдегі техникалық баяндамалар, қызу пікір-таластар, қолайлы ақпараттық орта болып табылады.