|  |  |  |   Ғылыми-зерттеу жобалар мониторингі мен нормабақылау бөлімі Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылым Департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Ғылыми-зерттеу жобалар мониторингі мен мониторингтеу бөлімінің негізгі міндеттері:
 -   Университеттің ПОҚ мен қызметкерлерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының, ғылыми-зерттеу жобаларының орындалуына мониторинг жүргізу, ҒЗЖ-ның барлық бағыттары бойынша есептік құжаттарды толтыру;
 -      Ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша ЖОО-мен, ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірлесе жұмыс істеу;
 -      Жоғары оқу мекемелерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу;
 -      Ғылыми зерттеу мәселелері бойынша конференциялар, семинарлар және жиналыстар ұйымдастыруға қатысу;
 -      Сапа менеджменті жүйесіне қажетті ғылыми-зерттеу жұмыстары үдерісіне мониторинг жүргізу.
 Ғылыми-зерттеу жобалар мониторингі мен мониторингтеу бөлімінің қызметі:
 -	Ғылыми-зерттеу жобалары мен бағдарламаларына мониторинг, жобалар мен зерттеулердің орындалуына талдау, университеттегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының тәжірибесіне жалпылау жүргізу;
 -	ҚР БҒМ, ҒТЗ ҰО, халықаралық рейтингілі агенттер талабын ескере отырып, университетте ғылыми-зерттеушілік іс-әрекеттің жүзеге асырылуы бойынша нұсқаулық дайындау;
 - Мемлекеттік, салалық және республикалық стандарттар, нормалар мен тәртіптер және басқа нормативтік құжаттардың қолданыстағы нұсқаулығы негізінде ҒЗЖ-ның құжаттарына нормабақылауды жүзеге асыру;
 -	ҒЗЖ тақырыптары бойынша ғылыми есептерді толтыруға әдістемелік жәрдем жасау;
 -	Нормативтік құжаттарды пайдалану бойынша кеңес беру және оны ұйымдастыру;
 -	Есеп беру үшін материалдар дайындау;
 -	Ғылыми жетістіктер көрмесі үшін материалдар дайындау;
 -	Жоғары оқу орындарының инновациялық тәжірибелерін зерделеу;
 -	Ғылым мен жоғары білім мәселелері бойынша конференциялар, семинарлар және жиналыстар ұйымдастыруға қатысу;
 -	ҚР БҒМ, ҒТЗ ҰО, халықаралық рейтингілі агенттер, шетелдік ЖОО-лар ұйымдастыратын отырыстар мен жиындарға қатысу;
 -	Консалтингтік қызмет көрсету.
     |