қазақша · русский · english
   
 Ыбырайым Бекен Бекмұратұлы
«Авторлық ауызша әдебиет» ғылыми орталығының директоры
Филология ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық Ш.Айтматов академиясының академигі, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі
Жамбыл көшесі, 25, кабинет 402, 404
 8 (727) 293-97-45, 8 701 776 96 91
zhambyltanu@mail.ru

Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры С.Ж.Пірәлиевтің № 12.01.09/579 бұйрығы бойынша Жамбылтану және халық ақындары ғылыми-зерттеу институты 2011 жылы 31 тамыз айында ашылды. 2017 жылдан «Авторлық ауызша әдебиет» ғылыми орталығы деп аталады.


Орталықтың негізгі мақсаты:
- әлем әдебиетінің бірегей құбылысы - қазақтың авторлық поэзиясын зерттеу;
- импровизатор-ақындардың шығармалар жинағын шығару;
- қазақ әдебиетінің бірегей тарихи-әдеби даму ерекшеліктерін айқындау;
- авторлық ауыз әдебиеті өкілдерінің ұлттық болмысқа ықпалын байыптау;
- авторлық ауызша поэзияның синкреттілік сипатын нақты мысалдарды талдау негізінде айқындау;
- қазақ әдебиеті тарихының жаңаша жазылуына қажетті концепциялар жасау;
- студенттер мен мұғалімдер үшін монографиялар және басқа да ғылыми-зерттеу еңбектерін шығару.


Авторлық ауызша әдебиет орталығының 2012-2018 жылдар аралығында жариялаған кітаптар тізімі

1-2. Жамбыл Жабаев «Толық шығармалар жинағы», І-ІІ том, Алматы, 2012 ж.
3-4. Жамбыл Жабаев «Толық шығармалар жинағы», ІІІ-ІҮ том, 2013 ж.
5. Жамбыл Жабаев. Библиографиялық көрсеткіш, Алматы, 2013 ж.
6. М.Әуезов «Жамбыл». Мақалалар. Алматы, 2012ж.
7. Ақындар аманаты. Хрестоматия-компендиум, Алматы, 2012ж.
8. Әсем Қоспағарова «Бақтыбай Жолбарысұлының әдеби мұрасы». Монография. Алматы, 2012ж.
9-10. Әсет Найманбайұлы «Толық шығармалар жинағы», І-ІІ том, 2012-2013 жж.
11. Түбек Байқошқарұлы «Шығармалары». Алматы, 2012ж.
12-14. Ақан сері Қорамсаұлы «Шығармалары». І-ІІ-ІІІ томдар, 2013-2014жж.
15. Бекен Ыбырайым «Қазақ лирикасы». Монография. Алматы, 2013ж.
16-17. Балуан Шолақ Баймырзаұлы «Шығармалары». І-ІІ том, 2014 ж.
18. Анарбай Бұлдыбай «Жетісу жыраулық, жыршылық, ақындық дәстүрі», Алматы, 2014ж.
19. Ажар Бекмұратова «Музыкально-поэтические традиции акынов Жетысу (Северо-Восточный регион)», Алматы, 2014 ж.
20-38. Қазақтың ауызша әдебиеті, 19-кітап, 2014 ж.
39. Мүбәрак Үмбетаев «Сүйінбай». Монография. Алматы, 2014 ж.
40. Сүйінбай Аронұлы «Сүйінбай мен Арыстанбектің айтысы». 2015 ж.
41. Әшім Нұрлыбайұлы «Шығармалары», 2015 ж.
42. Жамбыл Жабаев «Таңдамалы шығармалары», 2016 ж.
43. Жамбыл Жабаев «Әзілдері», 2016 ж.
44. М.Сатинбекова «Айтыстың көркемдік әлемі». Монография. 2016 ж.
45. Бекен Ыбырайым «Сөзтану әлемінде». Мақалалар, зерттеулер. 2016 ж.
46. Бекен Ыбырайым «Академик Серік Қирабаев». Зерттеу. 2016 ж.
47. Шамшәдин Керім «Сал-серілер поэзиясы». Монография. 2017 ж.
48. Шернияз Жарылғасұлы. Шығармалары. 2017 ж.
49. Рафат Әбдіғұлов, Ермек Ханкей «Алтын арқау». Зерттеу. 2017 ж.
50. Бекен Ыбырайым, Жанғара Дәдебаев, Қанипаш Мәдібаева «Ұлттық рух және шығармашылық даралық». Монография. 2017 ж.