қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
28.11.2018

 

Құрметті студенттер, магистранттар және докторанттар!

 

Конрад Аденауэр Қорының Sur-Place ай сайынғы стипендия грантына конкурстың басталуын жариялауға қуаныштымыз.

 

Жалпы ақпарат

Конрад Аденауэр атындағы қоры мерзімі 5 айға берілетін Sur-Place жергілікті стипендиясына конкурс жариялайды.

 

Байқауға кім қатыса алады?

Қазақстанның ЖОО-да күндізгі оқитын және конкурстық іріктеуден өткен Қазақстан Республикасы азаматтары қордың стипендианттары бола алады. Ерекшелік ретінде соңғы курста оқитын студенттерге стипендия тағайындалуы мүмкін. Құжаттарды тапсыру кезінде қатысушының жасы 30-дан аспауы тиіс.

 

Конкурстық іріктеу

Конрад Аденауэр атындағы Қорының болашақ стипендианттары екі сатылы конкурстық іріктеуден өтеді: ақпараттық хатта көрсетілген тізім бойынша құжаттарды тапсыру және сұхбаттасу.

 

Қосымша ақпарат алу үшін келесі телефонға хабарласыңыз: +7 (7172) 92-56-30.

 

Қор жөніндегі және айтылып өткен бағдарлама туралы толық ақпаратты https://www.kas.de/web/kasachstan сайтынан табуға болады.