қазақша · русский · english
   

Өз ынтасы жоқ адам, басқа біреуді ынталандыра алмайды
Михаэль Кон

«Көшбасшылар» Клубының Ережесі

«Ешбір ақыл ойға салмастан және тәжірибе жүзінде көрместен,

өзінің көшбасшылық қабілетін айтарлықтай дамытқан адам жоқ»
(Лорд Слим)

Көшбасшы дегеніміз - белгілі бір коғамның қызығушылықтарын қанағаттандыруға бағытталған ортақ шаруаны біріктіру мақсатында, басқа адамдарға әсер ете алатын тұлға.
Қазіргі таңда біздің мемлекет, стратегиялық ой-өрісі жоғары деңгейдегі, кездейсоқ мәселелерді жылдам шеше алатын, өзінің жетістігіне сенімді жаңа буын көшбасшыларға тапшы. Көшбасшы - уақыт талабына сай болуы тиіс.
Белсенділік, жауапкершілікті өзіне ала білу, алдына мақсат қоя білу және оған қол жеткізудің жеке дара жолдарын таба білу, толқынның бағытымен ғана жүретін құм қиыршығы емес, керісінше өз ісіне, өміріне, өмір сүріп жатқан қоғамына жауапты жеке өмірінің субъектісі болу қасиеттері, заманауи шарттарға бейімделу мүмкіндіктерін, сонымен қатар социумда тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді.
Өзінен көшбасшылық потенциалды дамыту және өзіндік тәрбиелеу шаралары, өзінің артына адамдарды ерте алу, олармен қарым-қатынас құру және соның негізінде басқару шараларын ұйымдастыру қасиетін талап етеді. Көшбасшыларды басқалардан атаққұмарлық, ерекшелік қасиеті және басқалардан үстемділігі ажыратпайды, керісінше шынайы еркін, жігерлі және бір мезетте артынан бірнеше адамды еліктіре алатын қасиеттері ажыратады. Көшбасшы дегеніміз - тез арада дұрыс шешім қабылдай алуы, қиын жағдайлардан тез шығуы немесе шарасыз, бірақ тиімді жағдайлар жасай алуы тиіс.
Өзінің жеке дара мүмкіндіктерін ретімен игеру, жеке сипаттарын түзете білу, жаңа біліктіліктерін дамыту шаралары, студенттерді социумда күтіп тұрған тапсырмалар мен қиындықтарды жеңуге үйретеді.
Позитивті көшбасшыны құру үшін, келесі бағдарламаны іске асыру арқылы студенттерге психология-педагогикалық көмек көрсету қажет.

Бағдарламаның мақсаты: студенттердің көшбасшылық әлеуетін дамыту.
Бағдарламаны міндеттері:
-жігерлілікті, мақсаттылықты, өзіне және қоршаған ортасына деген жауапкершілікті дамыту;
- әлеуметтік белсенділік біліктілігіне үйрету;
- топты басқару біліктілігін құру;
- іс-әрекетті жоспарлау мен ұйымдастыру тәсілдерін оқыту;
- социумда коммуникативті өзара байланысу біліктілігін құру.

Бұл бағдарлама сабақтардан құралған, оның әрқайсысы ақпараттық және тәжірибелік бөлімнен тұрады. Сабақ ұзақтылығы - 1,5 сағат, айына 2 рет (қаңтар-мамыр).
Бағдарлама белгілі логикадан құралған, бір-бірімен тығыз байланысты жүйеден тұрады. Студенттер, әрбір сабақта «Көшбасшы кодексіне» енгізілетін 10 көшбасшының ережесімен танысады.
Бағдарламаның нәтижесі келесідей болуы тиіс:
- студенттердің, студенттер тобын ұйымдастыру және басқару біліктілігі;
- студенттерде әлеуметтік жауапкершілік сезімінің болуы;
- тренинг қатысушыларының өзін-өзі басқару жүйесінде тиімді әрекеті.
Соңында, жүргізілген бағдарламаның нәтижесін КҰҚ (коммуникативтік және ұйымдастыру қабілеті) әдісімен, бағдарламаға қатысқан студенттерге арналған кері байланыс анкетасымен тексеру.

 

11
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler