қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
11.06.2020

International Summer Club ашылды

 


 

Дүйсенбі, 8 маусымнан бастап International Summer Club ағылшын, француз, қытай, араб және түрік тілдерінде тегін сабақтар өткізеді. Клубтың тыңдаушылары - қазақстандық және шетелдік ЖОО студенттері.

 

Қатысушылар бір-біріне, оқытушыларға үлкен қызығушылық танытты және оқу жылында оқуларын жалғастыруға ниет білдірді.

 

Клуб Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің Шетелдік студенттерді бейімдеу және қолдау орталығы бастамасымен ашылды (үйлестіруші - Исалиева С.Т.), ол тілдік дағдыларды жетілдіру, студенттердің шет тілдерін үйренуге деген ынтасын арттыруға, жалпы көкжиегін кеңейтуге және шетелдік студенттерді университеттің білім беру ортасына интеграциялауға бағытталған.

 

Оқытушылар - шетелдік студенттер мен оқытушылар Обим Кристиан (Нигерия), Агаев Мердан (Түркіменстан), Киангала Майи Коринне (Конго), Ян Ле (ҚХР), Осама Гариб (Египет), Осман Кабадаи (Түркия).

 

Сонымер қатар, орыс тілінде сөйлеу дағдыларын дамытқысы келетін шетелдік студенттер үшін Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі және әдебиет кафедрасымен бірлесіп Russian Club жұмыс істейді.

 

Клуб администраторы - Филология және көптілді білім беру институтының 3-курс шетелдік студенті Агаев Мердан.

 

 

11.06.2020 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com