қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
09.06.2020

БСҚТА: Абай атындағы ҚазҰПУ сайты Қазақстан университеттерінің үздік бестігіне кірді

 

2020 жылы маусымда Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (БСҚТА) 2020 оқу жылындағы қазақстандық жоғары оқу орындары сайттарының рейтингін ұсынды.

 

БСҚТА рейтингі бойынша Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ресми сайты Қазақстан Республикасының 101 жоғары оқу орындары арасында бесінші орынды иеленді, еліміздің педагогикалық жоғары оқу орындары санатында бірінші орынға ие болды.

 

2018 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ сайты тоғызыншы орынды иеленіп, университеттің үздік он сайты қатарына кірген (салыстыру: 2016 жылы сайт 26-шы орын, 2014 жылы - 20-шы орын, 2013 жылы - 25-ші орын) болатын.

 

IQAA ұлттық рейтингісінде рейтинг нәтижелері 9 критерий бойынша бағаланды. 2018 жылдың нәтижелерімен салыстырғанда сайт веб-беттердің өлшемі (4.08), ақпарат мазмұны (2.13), сайтта мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ақпараттар ұсыну көрсеткіштері жақсарды. Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарымен және GOOGLE жүйесімен жұмыс күшейтіліп, сайтқа сілтемелер санын көтерілді (4.43).

 

Abai university ұжымын кезекті жеңісімен құттықтаймыз. Жаңа табыстар тілейміз!

 

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім