қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
26.05.2020

Халықаралық студенттер форумы өтті

 


 

22 мамырда Волгоград мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университетінің «Қазіргі әлемдегі балалар мен жастарды тәрбиелеу» тақырыбындағы Халықаралық студенттер форумы аяқталды.

 

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының студенттері екінші жыл қатарынан форумға қатысты. Бұл олардың белсенділіктерін дамытуға, шығармашылық әлеуетін қалыптастыруға, таңдаған мамандығының қыр-сырын түсінуге ықпал етеді. Форумға Ресейдің, Беларусьтің әртүрлі ЖОО-ларының студенттері қатысты. Олар өз жобалары мен әзірлемелерін тәрбие практикасы, оқу нәтижелерін қалыптастыру мазмұны мен технологияларын жаңғырту мәселелеріне арналған секцияларға ұсынды. Бұл форумда БОПӘ кафедрасының аға оқытушысы, педагогика магистрі Рябова Екатерина Владимировна құттықтау сөз сөйледі.

 

БОПӘ мамандығының 3-курс студенті Ткачева Алина «Дүниетану сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендіру жолдары» тақырыбындағы баяндамасында өзінің жетістіктерін ұсынып, II дәрежелі Дипломмен марапатталды.

 

Форум аясында ЖОО командаларының визиткалар байқауы өтті. Біздің кафедраның бейнесюжетін 2-курс студенттері: Манахова Анастасия, Махамедиева Ситора, Чайкина Татьяна, Абдуахакимова Лейля ұсынды (бейнені дайындауға Нерозникова Алена техникалық қолдау көрсетті). Сөйтіп университет командасы І дәрежелі Дипломмен марапатталып, жеңімпаз атанды.

 

26.05.2020 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com