қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
06.05.2020

Химия пәнінен оқушылар олимпиадасын өткізу және ҰБТ-ға дайындық


2020 жылдың 4 мамырында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Жаратылыстану және география институты химия кафедрасының ұйымдастыруымен «Химия пәні бойынша мектеп оқушыларын олимпиадаға, ҰБТ дайындау және жобалау-зерттеу іс-әрекеттерін ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында республикалық онлайн-конференция өтті. Вебинар қатысушылары облыстық, қалалық және аудандық мектептердің педагог- ұстаздары.

 

Конференция университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры Асан Сатмырзаев, институт директоры Куляш Каймулдинованың құттықтау сөздерімен ашылды. Химия кафедрасының оқытушылары: профессор Гүлжәмила Мейірова,доцент Айгүл Мейірманова, аға оқытушылар Жанар Қорғанбаева, Нұрлан Манапов және 2-ші курс PhD докторанты Нұрсұлтан Сағынтайұлы баяндама жасады. Конференцияда мектеп ұстаздарына жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша ғылыми жобалар мен химия пәнінен олимпиадаларға оқушыларды дайындаудың қыр-сыры, электронды оқулықты құрастыру және қашықтан оқыту мәселелері туралы айтылды, тәжірибе алмасты. Вебинар қызықты тақырыптарды қамтыды.

 

Химия кафедрасының меңгерушісі Жазира Мұқатаева қазіргі уақытта университет пен мектеп арасындағы бірлескен ғылыми-зерттеу жобалары, пәндік олимпиадалар мен элективті курстар өткізу мүмкіндіктері, кафедраның профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекші және сарапшы ретінде белсенді қатысуы, қашықтан оқыту үшін көмекші құралдар, оқу бағдарламалары жасалғанын атап өтті.

 

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

 «Химия» кафедрасы