қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
04.05.2020

Шетелдік студенттерге Қазақстан халқының бірлігі күніне орай сыйлықтар табыс етілді

 

2020 жылы 30 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ Халықаралық ынтымақтастық департаменті ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ақтолқын Құлсариеваның, «Ізгілік елшілігі» еріктілер қозғалысы мен студенттер әкімшілігінің қолдауымен №8 жатақханада тұратын шетелдік студенттерді Қазақстанның бірлігі күнімен құттықтап, университет басшылығының атынан сыйлық жинтықтарын тапсырды.

 

Сыйлық жиантықтарын дайындауға және жеткізуге көмек көрсеткені үшін кәсіподақ төрағасы Мұхтар Ибраймовқа, студенттер кәсіподақ комитетінің есепшісі Аружан Максутоваға, ректордың кеңесшісі Мақсат Жақауовқа, студенттік ректор Қуаныш Төрегелдиевке ерекше алғыс айтамыз.


Шетелдік студенттерге Қазақстан халқының бірлігі күніне орай сыйлықтар табыс етілді