қазақша · русский · english
   
«Айтылған тарих» ғылыми үйірмесі

 

2012 жылдың қазан айының 16 бастап «Айтылған тарих» саласында маман даярлау және зерттеу орталығында ғылыми зерттеулерді меңгеруге ниет білдірген ауызша тарихты зерттеушілерге арналған «Айтылған тарих» ғылыми үйірмесі  өз жұмысын бастады.

Орталық қызметкерлері Болатхан Әлия және Тілеубаев Шәмек Баянұлының белсенділіктілерімен ұйымдастырылған ғылыми  үйірме аптасына бір рет шақырылады. Онда жоспарлы бағытта айтылған тарихқа қатысты мәселелер қарастырылып, ұйымдастырушылар шағын дәрістер оқиды. Жекелеген отырыстарда арнайы шақырылған «Айтылған тарих» саласына маманданған ғалымдармен кездесулер өткізіледі.

 

         Ғылыми үйірме жұмысының негізгі міндеттері:

  • далалық зерттеулер, ғылыми зерттеулер және ғылыми семинарларды өткізу негізінде магистранттар мен докторанттарды белсенді қатыстыруды қамтамасыз ету;
  • ізденушілердің ғылыми шығармашылыққа деген қызығушылықтарын қалыптастыру, ауызша тарихты зерттеудегі ғылыми тапсырмаларды өз бетінше шешу амал-тәсілдері мен әдістемесін, сонымен қатар ғылыми ұжымда жұмыс істеу дағдысын дамыту;
  • ізденушілерге өз бетінше ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру үшін машықтандыру және әдістемесін меңгеру, сонымен қатар ғылыми мәселелерді жете зерттеуге қарайласу;
  • ғылыми үйірме мүшелерінің өзара ғылыми жұмысты ұйымдастыру және өткізу тәжірибелерімен алмастыру;
  • икемді, белсенді және озат магистранттар мен докторанттар арасынан ғылыми және ғылыми-педагогикалық мамандар резервін дайындау;
  • ғылыми үйірменің дарынды және талантты мүшелерін анықтап, олардың шығармашылық және зияткерлік әлеуеттерін оқу және зерттеу процестерінің нәтижелерін жоғарлатуға бағытталған көкейкесті міндеттерді шешу үшін пайдалану.