қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
26.02.2020

«Білгенге маржан...» достық көрмесі

 

2020 жылдың 24 ақпаны күні Өнер, мәдениет және спорт институтының «Жасампаз» көрме залында Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясымен бірлесіп ұйымдастырған «Білгенге маржан...» тақырыбында Абай тұлғасы бейнелеген шығармашылық көрмесі өтті. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналды.

 

Екі жоғары оқу орындары арасындағы достық қарым-қатынастың айғағы ретінде Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының шығармашылық жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Сакен Майғазиаев, «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің деканы Бауыржан Байділда және басқа да қызметкерлері университетіміздің алдындағы Абай ескерткішіне гүл шоғын қойып, құрмет білдірді.

 

Көрменің ашылу салтанатында университетіміздің бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов, Қазақ ұлттық өнер академиясының проректоры Сакен Майғазиаев, «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің деканы Бауыржан Байділда, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Байтұрсын Есжанұлы және профессор Баймұрат Оспанов сөз сөйледі. Сакен Майғазиаев Абайдың бас мүсінін академия атынан университетімізге табыс етті.

 

Абай тұлғасын, болмысы мен өнегесін бейнелейтін картиналар мен мүсіндер көрерменнің көңілінен шықты. Абай әндерінен үзінділер орындалған іс-шара жоғары деңгейде өтті.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

  

 

Көркем білім беру кафедрасы