қазақша · русский · english
   
24.04.2024

«Ғылымға сапар» тақырыбында рефлепрактикум өтті


2024 жылдың 22 сәуірінде «Зерттеу теориясы мен әдістері» пәні бойынша профессор Ботагүл Тұрғынбаеваның ұйымдастыруымен «Педагогика және психология» институтының 1 курс докторанттарымен «Ғылымға сапар» тақырыбында рефлепрактикум өтті.

 

Рефлепрактикум мақсаты - докторанттардың пәнді оқу барысында игерген білімдері мен біліктерін қорытындылау, қатысушылардың рефлексиялық мәдениетін қалыптастыру.

 

Докторанттар «Ғылыми аппарат», «Әдіснама»,«Зерттеу әдістері» және «Эксперимент» деп төрт топқа бөлініп, пән барысында алған білімдерінің нәтижесін көрсетті.

 

Сабаққа Педагогика және психология институты директорының ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары А.Жакупова мен институт профессор-оқытушылар құрамы қатысып, қорытынды сабақ бойынша өз пікірлерін айтып өтті.

 

  alt=  

  alt=  




Вернутся назад