қазақша · русский · english
   
  Main / News
05.03.2019

Ректор Кубогына арналған «ABAI UNIVERSITY CUP» волейбол турнирі

 

  

 

2-3 наурызда Жастар жылына орай Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Ректор Кубогына арналған «ABAI UNIVERSITY CUP» волейболдан қалалық турнир өтті. Турнирге Алматы қаласының 8 ауданынан ерлер мен қыздарынан құралған 18 мектептің командалары, 250 оқушы қатысты.

 

Дәстүрлі іс-шараның мақсаты жас волейбол сүйер оқушылардың спортқа деген ынта-жігерін қолдау мен отандық волейболдың маңыздылығын арттыруға бағытталды. Іс-шараны қолдауға Қазақстан волейбол федерациясы арнайы сыйлықтарымен және отандық волейболдың ардагерлер мамандары, әйгілі кәсіби спортшылар келді.

 

Турнирдің салтанатты ашылуына университет басшылығынан бірінші проректор Мақтағали Бектемесов, Қазақстан волейбол федерациясының атынан халықаралық дәрежедегі шебер, экс-қазақстандық құраманың капитаны Елена Житкеева, Қазақ күресі федерациясының тұңғыш президенті, университеттің «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының меңгерушісі Ерғали Мухиддинов, университет ректорының жастар ісі жөніндегі кеңесшісі Мақсат Жақауов жарыс қатысушыларына өз лебіздерін білдірді.

 

Бірінші проректор Мақтағали Бектемесов, өз сөзінде Елбасының жуырда Қазақстан жастарымен кездесуіндегі «спортпен шұғылданудың - денсаулықтың басты кепілі» деген жалынды пікірлерін айта келе, өскелең ұрпақтың дене шынықтырумен, оның ішінде волейболмен айналысуы - салауатты өмір салтын жүргізуге, өмірлік биік жеңістерге жұмылдыратындығын жеткізді. Сонымен қатар, жастардың студенттік өмірлерінде елеулі ықпал ету үшін университет тарапынан Жастар жылында қолға алынған бастамалардың ерекше орын алатындығын айқындап өтті.

 

Турнир аудандардан іріктелген ерлер мен қыздардан құралған командалардың қатысуымен екі күн бойы олимпиадалық жүйемен жүріп, тартысты ақтық сайысқа ерлер тобынан №93 және №59 мектептер шықса, қыздар тобынан №137 мен №26 мектептері анықталды.

 

Турнирдің нәтижесінде, ресми турнир туралы мектеп оқушылары арасынан әлеуметтік желіде «Үздік пост» номинациясын №26 мектептің оқушысы - Арайлым Оңалбай болды. Кездесулердің «Үздік ойыншысы» №2 мектептің оқушысы - Нұржігіт Розхан және №7 мектептің оқушысы - Валерия Колинко белгілі болды. Ал «Үздік шабуылшы» ретінде №100 мектептің оқушысы Константин Курчин және №7 мектептің оқушысы Анастасия Желтова атанды. Жарыстың «Үздік үйлестірушісі» болып №2 мектептің оқушысы Әлішер Еркебай мен №7 мектептің оқушысы Милана Подымсая анықталды.

 

Ал негізгі қатысушы мектептер ішінен жарыстан суырылып шыққан ерлер құрамасынан №100 және қыздар құрамасынан №61 мектептер үшінші орынды иеленсе, екінші орынға ерлерден №93 және қыздардан №137 мектептердің айбынды құрамалары орнықты. Турнирдің жалпы қорытындысы бойынша, финалда ерлер құрамасынан №59 мектеп, ал қыздар құрамасынан №26 мектеп үздік есептік көрсеткіштермен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Ректорының кубогын жеңіп алды.

 

Қатысушы мектеп жастарына университет тарапынан арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтар табысталды, ал Қазақстан волейбол федерациясының атынан жоғары сапалы жүлделі Кубоктармен және барлық қатысушыларды арнайы медальдармен марапаттады.

 

Университет басшылығы аталған іс-шараны қолдауға және волейбол жарысының жоғарғы деңгейінде өтуіне атсалысқан Қазақстан волейбол федерациясының президенті Нұртай Әбіқаевқа және БАҚ өкілдеріне ерекше алғысын білдіреді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 



442

Вернутся назад

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler