қазақша · русский · english
 
 
  Main / News
08.02.2019

Алматы қаласы және Алматы облысының мектеп директорларының «дөңгелек үстелі»

 

  

 

2019 жылдың 8 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ бастамасымен педагогикалық кадрларды даярлау мәселелерін талқылауға арналған «Педагогикалық жоғары оқу орындарында білім беруді жаңарту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 

Іс-шараға ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова, білім беру бағдарламасының сарапшысы Сәуле Каликова, Жеке білім беру мекемелерінің республикалық қауымдастығының директоры Роза Садықова, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова, «EDTECH-KZ» халықаралық білім беру орталығының бас директоры Ғани Бейсембаев және Алматы қаласы мен Алматы облысындағы мектептер мен педагогикалық колледждердің директорлары, білім беру басқармаларының басшылары, аудандық білім беру бөлімдерінің басшылары қатысты.

 

«Дөңгелек үстел» мұғалімдер мен болашақ педагогтардың қызметінде кездесетін және балалар мен жастарды тәрбиелеу сапасына әсер ететін мәселелердің талқылануына мүмкіндік беретін алаңға айналды.

 

«Дөңгелек үстелді» ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев ашты. Алғы сөзінде бұл басқосудың ерекше маңыздылығын атап өтті: «Дөңгелек үстел» Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнованың және біздің университеттің бастамасымен өткізілуде. Еліміздің тұңғыш университеті, педагогикалық білім беру орталығы және көшбасшысы педагогикалық жоғары оқу орындарының, мектептердің және колледждердің өзекті мәселелерін талқылауға арналған алаң болуға дайын»,- деді ректор, -«Біз осы ақпараттық платформа қызметін дамытуды және педагогика саласындағы өзекті тақырыптар бойынша үнемі түрлі пікірталастар жүргізуді жоспарлап отырмыз. Мысалы, педагогикалық кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру; оқу орындарының түлектері - жаңа бастаған мұғалімдер арасында сөзсіз туындайтын мәселелерді шешу; шетелдік ЖОО-мен тәжірибе алмасу, «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасын жүзеге асыру туралы пікірлердің кең спектрі.


Өзекті мәселелерді шешуге арналған университетте бірқатар шаралар өткізілді. Жақында ҚазҰПУ базасында Біліктілікті арттыру және қашықтықтан білім беру орталығы құрылды. Бұл бағытта жұмыс белсенді түрде жүргізіліп, жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыру; «Алтын белгі» иегерлерін тегін оқыту және мектептер мен колледждердің үздік студенттеріне арнайы жеңілдіктер беру сияқты бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды. Сондай-ақ біздің университетіміздің профессорлары мектептерге тәжірибе алмасуға жіберілетін болады.

 

Бiлiм беру жүйесiн дамыту педагогикалық қызметтi үздiксiз кәсiптiк жетiлдiру саласында жұмыс iстеуге бiрiншi деңгейлі мамандарды тартуға мүмкiндiк бередi».

 

«Дөңгелек үстел» жұмысы барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова ақпараттық пікірталас платформасын ұйымдастыруға қолдау көрсеткен университет ректорына алғысын білдірді. Мәжіліс депутаты аталмыш іс-шараның педагогикалық білім беру саласындағы мәселелерді шешуде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің жоғары оқу орындарына жүктеген міндеттерін жүзеге асыру жолында, мектептер мен колледждерге арналған жоғары білікті мамандарды даярлау арқылы білім беруді дамытудың және оқытушының мәртебесін көтеруде қаншалықты маңызды екендігін айтты.

 

«Жекеменшік білім беру мекемелерінің республикалық қауымдастығының» директоры Роза Садықова Қауымдастықтың бағыттары мен білім беру мазмұнын жаңарту, мұғалімдердің біліктілігін арттыру бастамалары және Қауымдастықтың шет елдік серіктестері туралы баяндады.

 

«Сорос-Қазақстан» қорының қоғамдық саясат мәселелері жөніндегі кеңесшісі, білім беру бағдарламасының сарапшысы Сәуле Каликова: «Мектептерге кез-келген енгізілетін жаңа инновацияның нақты жүзеге асырылуы мұғалімдердің мақсаттарды ортақ деп түсініп, пайда болған мәселелерді бірлесіп талқылайтын және оларды шешетін, бір-біріне көмектесетін, командалық жұмыс дағдыларына ие оқу ортасын құрған жағдайда ғана табысты болуы мүмкін.

 

Басқаша айтқанда, мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуы / өсуі үшін мектептің ішкі ортасы ресурс болуы керек. Бұл бағытта даму үшін не істеуге болады?

 

Мұнда біз түрлі стратегияларды талқылай аламыз. Мысалы, мектептердің қолданыстағы бағалау жүйесіне (аттестаттау) өзгерту енгізу; оқу бағдарламаларын және мұғалімдердің кәсіби дамуын тікелей мектептердің базасында дамыту қажет. Біліктілік арттыру / кәсіби даму бағдарламаларын (мемлекеттік қаражатты тиісті түрде қайта бағыттаумен) тікелей мектептерге ауыстыру, яғни мұнда курстарға баратын мұғалімдер емес, курстар (бағдарламалар) мектептер базасында жүргізіледі.

 

Мұғалімдердің жұмыс орнында үздіксіз біліктілігін арттыру үшін жағдай жасау және көтермелеу қажет. Әрбір мектепте мұғалімдердің кәсіби дамуына қатысты өз саясаттары болуы тиіс, тиісінше, олардың іске асырылу әлеуетін арттыру қажет.

 

«Дөңгелек үстел» аясында мұғалімдерді оқытудың өзекті мәселелері, оның ішінде орта білім мазмұнын жаңарту, мектеп пен университеттің өзара әрекеттесу жолдары талқыланды. Сонымен қатар, қазіргі заманғы мұғалімнің мәртебесі және педагогикалық мамандықтардың түлектерінің кәсіптік іс-әрекеттерін жүргізудегі жаңа міндеттер, оқытушылардың біліктілігін арттыру және университет оқытушыларының тәжірибелерімен бөлісу мәселелері қарастырылды. «Ашық микрофон» барысында көптеген сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.

 

Іс-шараның соңында ректор Такир Балықбаев қатысушыларға алғысын білдірді.

 

«Университет базасындағы Біліктілікті арттыру және қашықтықтан білім беру орталығының қызметін әрі қарай дамытатын боламыз. Оқу орындарының оқытушылары мектептерге жіберіліп, жылдың аяғында бағалау жүргізіледі. Бағалау нәтижелері негізінде жұмыстар жасалынады. Өз тарапымыздан, ЖОО мамандарды даярлаудың өзекті мәселелерін шешуге барынша көмектесетін боламыз», - деді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

    

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім



98

Вернутся назад

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler