қазақша · русский · english
 
 
  Main / Mass media about us
06.02.2019

«Жобалық start» белсенді жастардың байқауы өтті

 


 

Жастар жылына орай Абай атындағы ҚазҰПУ-да Алматы қаласы бойынша «Жобалық Start» тақырыбында жастардың креативті жобалары мен идеялары байқауы өтті.

 

Байқаудың негізгі мақсаты - ЖОО-ның жастары арасында байланысты дамытып, өзара тәжірибе алмасу.

 

Университеттің Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, «Жобалық Start» байқауында жас талантты студенттер «әлеуметтік», «IT», «ғылым», «startup» бағыттары бойынша тың жобаларымен және қызықты идеяларымен бөлісті. Байқауға Алматы қаласының 12 жоғары оқу орнының өкілдері қатысты, олардың қатарында Satbayev University, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық универсететі, Алматы технологиялық университеті, Тұран университеті, Халықаралық бизнес университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Алматы энергетика және байланыс университеті, Қазақ-Британ техникалық университеті, О.Тансықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі бар.

 

Іс-шара жобалары байқауының жеңімпаздарының жүлде қоры І орын - 100 000 теңге, ІІ орын - 70 000 теңге, ІІІ орын - 50 000 теңге. Сонымен қатар, 5 ынталандыру сыйлықтары берілді.

 

Осы байқау барысында І орынды үздік жоба иегері ретінде Satbayev University, ІІ орынды Қазақ ұлттық аграрлық университеті, ІІІ орынды Алматы технологиялық университеті жеңіп алды.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ «Жобалық start» мегажобасын Алматы қаласының жоғары оқу орындарына эстафета жолдады. Осы бастамамен белсенді жастар болашақта идеологиялық, инновациялық жобаларды әзірлеу және енгізу арқылы елдің дамуына елеулі үлес қосатыны анық.

 

Авторы: Эльвира Серікқызы

06.02.2019 ж.

Ақпарат көзі: egemen.kz


 



59

Вернутся назад

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler