қазақша · русский · english
   
  Main / News
30.01.2019

Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды


28 қаңтарда Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев, Тарих және құқық институтының директоры Болат Жұмағұлов және «Айтылған тарих» орталығының жетекшісі Мәмбет Койгелдиев Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағатында болды.


Кездесуде арнайы экскурсия ұйымдастырылып, қонақтарға «Тәуелсіздік дәуірі» Мұрағат қорларынан маңызды құжаттардың тарихи және деректі көрмесі ұсынылды. Көрме экспозициясының орталығынан Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаевтың осы аттас кітабына арнайы орын берілген.


Университет өкілдері тарихи мұралар сақталған мұрағатты аралады. Зертхана ғимаратында мұрағаттық құжаттарды цифрлау және сақтандыру қорының микрофиштарын (пленкалардағы микроформ түріндегі фотосурет әдісімен жасалған құжаттың жазық түпнұсқаларының көшірмесі) жасау, баспа кешені, Мұрағатта мемлекеттік сақтауға алынған құжаттарды алдын-ала өңдеуге арналған жабдықтар ұсынылды. Оқу залында зерттеушілердің қажетті мәліметтерді тез табуына, құжаттардың цифрланған үлгілерімен жұмыс істеуге көмектесетін электрондық оқу залының мүмкіндіктерімен таныстырылды.

 

Кездесу соңында Университет мұрағатына сақтау үшін өткен ғасырдың 30-шы жылдарындағы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың тарихы жөніндегі құжаттардың көшірмелері және жоғары оқу орындарында бакалаврларды дайындауға арналған ҚР БҒМ-нің «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұсынған, 2017 жылы ҚР Президент Мұрағаты шығарған «Қазақстан тарихы. Құжаттар мен материалдар (1917-2012)» Хрестоматиясы сыйға тартылды.

 

Кездесу барысында ҚР Президентінің Мұрағаты мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

 

   

 

   

 

   

 

  



202

Вернутся назад

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler