қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
23.02.2018

Жаңа нұсқа тартымды да тиімді

 



Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілінің латын графикасына негіз­делген, апострофты акутқа ауыстырған әліп­биінің жаңа нұсқасын бекітті. 6 акутты (ноқатты) әріпті және де жаһандық тіл - ағылшыннан үйрен­шікті болып кеткен «ш», «ч» әріп­те­рінің қосақ таңбасын пайдалану әлде­қайда тиім­ді әрі эсте­тикалық тұрғы­дан алғанда тартымды шық­ты. Ақпа­рат және ком­му­­ника­циялар министрі Дәурен Абаевтың пікірінде айтылғандай, әліпбидегі апостроф арнайы белгі ретінде барлығын бөліп тұрып, интернеттегі іздеу мен қаржы қызметінде қиындықтар тудыратын­дығы өз алдына маңызды, әрине. Бірақ қазекем айтпақшы, «қарағанда көз тоятындай» болу да әліп­биге қажет деп ойлаймын. Әріптер­дің екеуін есепте­мегенде, қалған 30-ына бір дыбыс, бір таңба келіп тұр­ған соңғы нұсқа - көп­шілік пікірінің ескеріл­гендігінің айқын көрінісі. Ендігі жерде мәселе сөзден іске тезірек көшіп, жаңа әліпби нұсқасының тиімді өмір­шеңдігін дәлелдейтіндей бағдар­ламалар жасап, оны көпшілікке түсін­діре оты­рып тарату қажет. Жалпы, жұрт болып талқылаған әліпби нұсқасы болашақ­тың әсем де қолайлы тіл­таң­басына айналып, көптің керегіне жарайтын болсын.

 

Авторы: Ақтолқын Құлсариева,
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры

23.02.2018 ж.

Ақпарат көзі: aikyn.kz

 



274

Вернутся назад

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler