қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
20.09.2011

2005 жылы 09 маусым жұлдызындағы ҚР Білім жəне ғылым саласындағы қадағалау жəне аттестациялау Комитеттің №476 бұйрығымен диссертацияның негізгі ғылыми нəтижелерін жариялау үшін Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршы журналы келесі мамандықтар бойынша басылымдар Тізіміне енгізілгенін хабарлаймыз:
- 01.01.00 топ мамандықтары бойынша - физика-математика ғылымдары (математика);
- 01.02.00 (01.02.01, 01.02.04, 01.02.06) мамандқтары бойынша - физика-математика ғылымдары (механика);
- 05.00.00 (05.02.18) мамандықтары бойынша - техникалық ғылымдар;
- 13.00.00 (13.00.02) мамандықтары бойынша - педагогика (оқыту жəне тəрбиелеу теориясы мен əдістемесі /математика, физика, информатика/) ғылымдары;
- 01.04.00 топ мамандықтары бойынша - физика-математика ғылымдары (физика).
2009 жылдан бастап Инжениринг жəне Технология Институтымен (Ұлыбритания) ақпараттық-қолдау қызмет көрсетуге жасалған келісім-шарттың (№2, 12.01.2009ж.) негізінде Абай атындағы ҚазҰПУ «Физика-математика сериясы» бойынша Хабаршы журналында жарияланатын мақалалардың реферативті ақпараты Ш8РЕС электронды мəлімтер қорына енгізіледі.
«ХАБАРШЫ. ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ҒЫЛЫМДАРЫ СЕРИЯСЫ» ЖУРНАЛЫНА БАСЫЛАТЫН МАҚАЛАЛАРДЫ БЕЗЕНДІРІЛУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
I. Қажетті материалдар
1.Парақтары төменгі жағында карандашпен нөмірленген мақаланың қатты көшірмесі (5 парақтан аспау керек);
2.Мақалаға жазылған қысқаша түйіндердің қатты көшірмесі (1 дана). Ағылшын тілінде жазылған андатпа міндетті түрде берілуі керек. Сонымен қатар, ағылшын тілінде жазылған мақаланың аты, автор (-лар) туралы мəліметтер: фамилиясы, аты, əкесінің аты, аббревиатурасыз (қысқартылмаған) жұмыс орыны беріледі;
3 Мақаланың жəне мақалаға жазылған түйіннің электрондық түрі;
4.Автор (авторлар) жайында мəліметтердің қатты көшірмесі (1 дана): Ф.А.Ə. толығымен, жұмыс орны (ұжым аты, жоғары оқу орынның толық аты, жəне қысқартылған аты), атқаратын қызметі, жұмыс телефоны, үйдің мекен-жайы, үй телефоны, ғылыми дəрежесі, ғылыми атағы, e-mail.
II. Мақаланы безендіру ережесі
1.Мақала мəтіні Word 97,2000,2003 ХР редакторында бір интервал арқылы терілу керек;
2.Парақ пішімі: 210 x 297 mm (A4);
3. Жоғары, төменгі, оң жақтағы, сол жақтағы бос өрістері: - 2,5 см;
4.Парақ беттері нөмірленбейді;
5.Шрифт: Times New Roman (қазақ, орыс, ағылшын тілдері үшін);
6. Мақала мəтіні ендігі бойынша форматталуы керек.
I. Формула жазуға қойылатын талаптар
Өлшемдері: Обычный - 11 пт, Крупный индекс - 6 пт, Мелкий индекс - 5 пт, Крупный символ - 24 пт,
Мелкий символ - 4 пт (математикалық редактор α ).
IV. Əдебиеттер тізімі, мақалада пайдаланылған əдебиеттер мəтінде пайдалану ретіне сəйкес қолжазбаның соңында келтіріледі. Мақаладағы əдебиетке сілтеу квадраттық жақшада беріледі, мысалы, [1], [2,3], [4-7].
V. Мақаланың түрі
1.Сол жақ жоғарғы бұрышта бас əріптермен ƏОК (кегль №13);
2.Жартылай қарайтылған кіші əріптермен (кегль №13) ортада автордың (авторлардың) фамилиясы жəне
аты-жөні;
3.Бір бос жолдан кейін жартылай қарайтылған бас əріптермен (кегль №13) мақала аты; 4.Бір бос жолдан кейін дөңгелек жақшада автор (авторлар) жұмыс істейтін қала жəне ұжымның аты
(кегль №11);
5. Бір бос жолдан кейін мақалаға əрбір тілде 5-7 сөйлемнен тұратын андатпа (егер мақала қазақ тілінде
жазылса - андатпа орыс тілінде жəне ағылшын тілінде, мақала орыс тілінде жазылса - андатпа қазақ жəне ағылшын тілінде, мақала ағылшын тілінде жазылса - андатпа қазақ жəне орыс тілінде) (кегль№11);
6. Бір бос жолдан кейін мақала мəтіні (кегль №12);
7. Егер əдебиеттерге сілтемелер бар болса, онда мəтіннен кейін екі бос жол тастап (кегль №11) кіші
əріптермен - пайдаланылатын əдебиеттер тізімі. Бірлік интервал.
VI. Мақалалдарды жариялау тілдері - қазақ, орыс, ағылшын тілдері.
Редакцияға түскен мақалаларға білім саласы бойынша мамандар мен ғылымдар пікір береді. Пікір негізінде редакция алқасы авторға мақаланы тағы да толықтыруға (түзетуге) ұсыныс жасауы, не мүлдем қайтарып беруі мүмкін.
Мекен-жайы: Алматы қаласы, Төле би 86 көшесі, Абай атындағы ҚазҰПУ, физика-математика факультеті, жұмыс телефоны - 8(727) -2 61-15-76, e-mail Vestnik_KazNPU@mail.ru



423

Вернутся назад

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler