қазақша · русский · english
   
  Main / News
19.01.2018

«Абай атындағы ҚазҰПУ Академиялық саясаты» семинары

 

2018 жылдың 15 қаңтары күні «Кәсібилік және педагогикалық шеберлік» қысқы мектебінің аясында «Абай атындағы ҚазҰПУ Академиялық саясаты» семинары өтті.

 

Оқу ісі жөніндегі проректор Асан Сатмұрзаев қатысушыларды семинардың ашылуымен құттықтай отырып, Университеттің академиялық саясатына енген негізгі өзгерістермен таныстырды.


Семинар жұмысына академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков, оқу-әдістемелік бөлімінің бастығы Зауреш Абдықадырова, тіркеу офисінің бастығы Раушан Қаңтарбаева, мансап орталығының бастығы Гүлбану Айқымбаева, студенттік офисінің бастығы Нұрсағила Исабаева, сонымен қатар академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің қызметкерлері, институт директорларының орынбасарлары және кафедра меңгерушілері қатысты.

 

Семинарда модульдік білім беру бағдарламаларының мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, олардың қалыптасу механизімін одан әрі жетілдірудің қажеттілігі айтылды. Қолданыстағы пәндерді мұқият талдау және логикалық-уақытша жүйелілігін ескере отырып, олардың модульдерін біріктіру, модульдегі және пәннің ECTS оңтайлы санын анықтау, модульдік білім беру бағдарламаларын және т. б. жобалаларға жұмыс берушілерді тарту мәселелері сөз болды. Сондай-ақ, педагогикалық жүктемені жоспарлау, жеке білім беру траекториясын қалыптастыру, ұйымдастыру және тәжірибеден өту, түлектерді жұмысқа орналастыру туралы айтылды.


Іс-шараның қорытынды бөлімінде әр қатысушыға "Академиялық адалдық кодексі" таратылып, сертификат берілді.

 

       

 

       


Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім



549

Вернутся назад

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler