қазақша · русский · english
 
 
  Main / News
22.01.2018

«Білім алушылардың академиялық ұтқырлығы» семинары өтті

 

2018 жылғы 18 қаңтарда Абай атындағы ҚазҰПУ-де «Кәсібилік және педагогикалық шеберлік» қысқы мектебінің аясында халықаралық ынтымақтастық басқармасының ұйымдастыруымен «Білім алушылардың академиялық ұтқырлығы» семинары өтті.

 

Семинардың мақсаты - Абай атындағы ҚазҰПУ-де академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру туралы ақпараттандыру.

 

Семинарға 45 кафедра меңгерушісі мен 7 директордың ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары, сонымен қатар университеттің 12 оқытушысы қатысты. 

 

Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ақтолқын Құлсариева құттықтау сөз сөйлеп, осындай семинарлар өткізудің маңыздылығын атап өтті. Семинар модераторы халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы Айгуль Искакова  сөз кезегін баяндамашыларға берді.  

 

«Абай атындағы ҚазҰПУ-де академиялық ұтқырлықты дамыту» тақырыбында Академиялық ұтқырлық секторының жетекшісі Гульнара Джангирова ақпараттық баяндама жасады.

 

Тыңдаушылар алдында «Сенің мансабың: Made in Germany» тақырыбында Қазақстандағы DAAD АО жетекшісі Бартоломеус Миновский және DAAD ақпараттық орталығының жобалық менеджері Филипп Семенов ақпараттық дәріс оқыды.

 

Мәскеу мемлекеттік облыстық университеті халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы Алексей Юдинмен «Мәскеу мемлекеттік облыстық университетінің академиялық ұтқырлығын дамыту тәжірибесі» және «Шетелдік студенттерді рекрутингілеу: ММОУ Азия елдерімен бірге» тақырыптарында вебинар өткізілді.

 

«Негізгі Әрекет 2: Жоғары білім беру саласында әлеуетті көтеру» тақырыбында Эразмус+ жобаларымен халықаралық білім беру бағдарламалар бөлімінің бастығы Маржан Таджиева баяндама жасады.

 

Қорытынды бөлімінде қатысушылармен командалық жұмыс жүргізілді, жұмыс барысында институттарда академиялық ұтқырлықты дамыту бойынша ұсыныстар жасалды.

 

Семинар қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға Сертификат берілді.

 

       

       

 

       

       

 

       

 

 



385

Вернутся назад

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler