қазақша · русский · english
 
 
  Main / Mass media about us
14.11.2017

 

Елбасы кітапханасының қызметкерлері алматылық үздік студенттерге «Қазақстан жолы: «Мәңгілік ел» атты семинар-тренинг өткізіп жүр. 2 күнге жалғасатын шарада мамандар жастарды отансүйгіштікке, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға үйретеді. Тренинг аясында жастарға сертификат табысталады. Былтыр Астанадағы кітапханада 8 мыңнан аса студент осы семинарға қатысыпты. Биыл мамандар өңірлерді аралауға шыққан. Сондай-ақ тәуелсіздік мерекесі қарсаңында қаладағы 3 университетте елбасы кітаптары мен еңбектерінің көрмесі ашылды. Оны кез келген адам тамашалай алады.

 

«Біз арнайы тақырыптық «Қазақстан жолы: «Мәңгілік ел» атты семинар-тренингін ұсынып отырмыз. Бұл іс-шараларымыз негізі кешенді. Бұл біздің кітапхана тарихында алғаш рет болып жатқан шара. Университет студенттері өздерінің жобаларын ұсынып, рухани жаңғыру барысын, негізгі түп нұсқасын Н. Әбішұлы Назарбаев атап өткендей бұл өзіміздің ұлттық мұрамыз», - деді ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Ботагөз ҚАЙЫПОВА.


«4 сағат өткіземіз. Әр тақырыпта өтеді. Мысалы, бірінші тақырып - мәңгілік елдің тарихына байланысты. 7 құндылықтары бар мәңгілік елдің. Сол 7 құндылықтарды топтастырып, біз қарастырамыз. Мысалы, ең алдымен «Тәуелсіздік пен Ұлттық қауіпсіздік» туралы айтамыз. Екінші тақырыпта «индустриаландыру және жалпыға ортақ еңбек қоғамы» туралы сөз болады», - деді философия ғылымдарының докторы, профессор Ғазиз ТЕЛЕБАЕВ.

 

14.11.2017ж.

Ақпарат көзі: almaty.tv



227

Вернутся назад

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler