қазақша · русский · english
   
  Main / News
08.02.2012

БАС ИЕМІН ЕГЕМЕНДІ ЕЛІМЕ!

 

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз.Барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Өйткені біз Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді, дінімізді және ділімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық.
Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген... - деп Жұбан Молдағалиев жырлағандай, біз көк байрағымызды мақтанышпен жоғары көтеріп, өз Елтаңбамыз бен Әнұранымызды әрқашан да қастерлейміз. Күн сәулесі аспанымызда жарқырап, тәуелсіздік пен өрліліктің белгісі - дала қыранының қанаты талмай, шарықтай беруде аянбай тер төккен ата-бабаларымыз, ұлы ағартушы қоғам қайраткерлерінің өмір жолы мен еңбектерінен үлгі алу қайсымыздың болса да Отан алдындағы борышымыз деп санаймыз. Міне, осыған байланысты Педагогика-психология факультетінің әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының 1 курс студенттерінің қатысуымен оны аға оқытушылар Анар Әлімбекова мен Рәзия Каримова «БАС ИЕМІН САН ҒАСЫРЛАР ТАРИХЫ БАР ЕГЕМЕНДІ ЕЛІМЕ» атты ашық тәрбие сағатын ұйымдастырды. Тәрбие сағатының мақсаты білім алушыларға қазақ ғұламалары мен ағартушыларының, жазушыларының еңбектері арқылы адамгершілік, патриоттық тәрбие беру. Көрермендерді еліне деген мақтаныш пен сүйіспеншілікке бөлетіп, үлкен әсер қалдырды. Тәрбие сағатында еліміздің әнұраны орындалып, «Желтоқсан оқиғасының» куәгерлерін құттықтады. Сондай-ақ қазақтың дана бабалары, ұлы хандары, ұлы ойшылдары мен ақындары, ағартушылары, жазушылары және би шешендерінің өсиет сөздерінен үзінділер оқылып, ән шырқалып, өткен оқиғалардын көріністері қойылды.

       
       



742

Вернутся назад

 
 



ПнВтСрЧтПтСбВс
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler