қазақша · русский · english
   
  Main / News
25.04.2011

Осындай тақырыппен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде дәстүрлі мерекелік Наурыз-думан болып өтті.

Наурыз - жаңарудың, жасарудың, жүректегі қуаныштың, адамдар арасындағы мейірімділік пен ізгіліктің, болашаққа деген сенім мен жаңа үміттің оянар айы. Ақ тілектер мен ізгі ниеттердің тоғысар күні. Бұл күні адамдар ескі өкпелерін махаббат пен сүйіспеншілікке алмастырады. Сондықтан да аталмыш жоғарғы оқу орны бұл мерекені атап өтуді дәстүрге айналдырған болатын. Сол қалыптасқан игі дәстүр биыл да өз жалғасын тапты.

Алдымен ортаға университет ректоры, педагогика ғылымдарының докторы Серік Піралиев шығып, жиналған көпшілікті Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтады. Одан кейін сөз алған Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов, «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Махамбет Бейдәлі, академик Серік Қирабаев, ақсақалдар кеңесінің төрағасы, доцент Сәкен Обаев ақ тілек, ізгі ниеттерін білдірді.

Соңсоң университет басшысы студент-жастарға тәрбие беру және тәлім көрсету ісінде айрықша көзге түскен тәрбие жетекшілеріне «Үздік тәрбие жетекшісі», «Үздік тәрбие істері жөніндегі орынбасар» номинациялары бойынша жыл бойы өткізілген конкурс жеңімпаздарын марапаттады.

Ресми шарадан кейін ұстаздар ұжымы мен студенттер қауымы үшін ұйымдастырылған мерекелік шараның көрігі қызып жүре берді.

Наурыз-думан аясында театрландырылған шоу-бағдарлама көрсетіліп, республикаға аты танымал эстрада жұлдыздардың ән-шашуы тамашаланды. Олардың ішінде Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрының әншісі, Халықаралық конкурстардың лауреаты Дина Хамзина, белгілі әншілер Біржан Хасанғалиев, Әсел Маметова, Мельс Сағатұлы, Есіл Дұлатұлы, Нұрлан Еспанов, «Жігіттер квартеті», «Серілер» тобы, сондай-ақ «Қосалқы» би ұжымы. Әсіресе Қазақстан Республикасының Аэромобиль әскери құрамы жігіттерінің көрсеткен өнеріне көпшілік ерекше ықылас көрсетті.

Салтанатты шара аясында ұлттық ойын түрлерінен әр-түрлі жарыстар ұйымдастырылып, ұстаздар ұжымы күшімен дайындалған бағдарлама ұсынылды. Олардың ішінде үздік шыққандарын сыйлықтармен атап өту де назардан тыс қалған жоқ.

 



559

Вернутся назад

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler