қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
11.05.2021

Заманауи жастарды этномәдени тәрбиелеуге арналған конференция өтеді  

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология институты «Кәсіби даярлау: бастауыш білім бағдарламалары» бөлімінің ұйымдастыруымен профессор Б.А.Әлмұхамбетовтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Заманауи жастарды этномәдени тәрбиелеу - ұлттық кодты сақтаудың негізі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өткізіледі.

 

Конференция келесі ғылыми бағыттар бойынша жүргізіледі:

- Болашақ бастауыш білім педагогтерін этномәдени тәрбиелеудің парадигмалары;

- Заманауи түлек моделі: этномәдени тәрбие және ұлттық кодты сақтаудың тұжырымдамалық идеялары;

- Этномәдени құндылықтарды әлеуметтендіруде ұлттық өнер педагогикасының имиджеологиясы;

- Қазақстандық және шетелдік біліктілікті арттыру жүйесінде педагогтердің білімін жетілдірудің инновациялық аспектілері.

 

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын тілдері.

 

Zoom конференциясына қосылу: https://zoom.us/j/97098791808?pwd=NUcxb0dOaWk4Y0JtdTlxUUN6bE81QT09

 

Конференция идентификаторы: 970 9879 1808

 

Кіру коды: 794762

 

Өтетін уақыты: 19 мамыр 2021 жыл, сағат 10.00