
Main /
Announcements
11.05.2021
Заманауи жастарды этномәдени тәрбиелеуге арналған конференция өтеді
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология институты «Кәсіби даярлау: бастауыш білім бағдарламалары» бөлімінің ұйымдастыруымен профессор Б.А.Әлмұхамбетовтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Заманауи жастарды этномәдени тәрбиелеу - ұлттық кодты сақтаудың негізі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өткізіледі.
Конференция келесі ғылыми бағыттар бойынша жүргізіледі: - Болашақ бастауыш білім педагогтерін этномәдени тәрбиелеудің парадигмалары; - Заманауи түлек моделі: этномәдени тәрбие және ұлттық кодты сақтаудың тұжырымдамалық идеялары; - Этномәдени құндылықтарды әлеуметтендіруде ұлттық өнер педагогикасының имиджеологиясы; - Қазақстандық және шетелдік біліктілікті арттыру жүйесінде педагогтердің білімін жетілдірудің инновациялық аспектілері.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын тілдері.
Zoom конференциясына қосылу: https://zoom.us/j/97098791808?pwd=NUcxb0dOaWk4Y0JtdTlxUUN6bE81QT09
Конференция идентификаторы: 970 9879 1808
Кіру коды: 794762
Өтетін уақыты: 19 мамыр 2021 жыл, сағат 10.00
Вернутся назад |
|
050010, Republic of Kazakhstan Almaty, Dostyk аve., 13
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
|
Office: 8 (727) 390 60 05
Admissions Office/Call center: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04
8 (727) 291 57 68
Сitizen reception on personal matters
|