қазақша · русский · english
   
  Main  News
13.03.2023

«Химия» кеші

 

2023 жылдың 9 наурызында мектеппен байланысты жүзеге асыру мақсатында Жаратылыстану және география институтының химия кафедрасында Алматы қаласының №69 орта мектептің 7 сынып оқушыларымен «Химиялық кеш» форматында кездесуі өтті.

 

Ұйымдастырушылар: химия кафедрасының доценті Айгуль Нұрахметованың жетекшілігімен «6В01512-Химия-биология» мамандығының 2-3 курс студенттері.

 

Мектеп оқушыларының химия пәніне деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру мақсатында 2-3 курс студенттері қоршаған ортада болып жатқан процестерді көрсететін түрлі жарқын химиялық тәжірибелер дайындады. Химиялық кеш интерактивті және қызықты өтті, оқушылар химиялық эксперименттерге қызығушылық танытты және оларды жүзеге асыруға тікелей қатысты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=