қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
30.11.2015

2015 жылдың 4 желтоксан күні, сағат 18:00-де Қытай Халық Республикасы, Құлжа қаласы, Іле педагогикалық университетінің Ақыл парасат ғимараты ғылыми баяндама залында Ұлы қазақ ойшылы Абай Құнанбаевтың 170 жылдық мерейтойына орай мәдени мұрасын насихаттау және екі университет арасындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында «Абай шығармаларынан мәнерлеп өлең оқу мен ән айту және Абайға жыр арнау» атты студенттер арасында байқау өтеді. (Жақсы өнер көрсеткен талантты жас студенттер жүлделі орындармен марапатталады).

Ұйымдастырушы: Абай атындағы ҚазҰПУ, филология институтының шетел азаматарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасына қарасты Іле педагогикалық университеті жанындағы Абай орталығы, Іле педагогикалық университетінің Қазақ Тұлпар әдебиеті қоғамы және Аққайнар сайты.