қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
25.01.2017

 

2017 жылдың 17 қаңтарында Слупск қаласындағы Помор академиясының қазіргі заман тілдері институтында «Помор лингвисттары» ғылыми қауымдастығы докторы Марк Лукасиканың ұйымдастыруымен «Қазақ мәдениетімен танысу» атты кездесу өтті. Бұл шараға Абай атындағы ҚазҰПУ академиялық ұтқырлық бағдарламасымен білім алып жатқан студенттері қатысты.
Студенттер өз елінің мәдениеті мен тарихы туралы қызықты мәліметтер ұсынып, қазіргі заманғы Қазақстан, отбасылық дәстүрлер, дастарханы мен танымал халық әндері жайлы айтып берді. Кездесу бауырсақты дәм татқызу мен гитараның сүйемелдеуіндегі әнмен аяқталды. Шараға Нурила Карабасова, Жансая Абдрахим, Лениана Сыдык и Айгуль Есжановa қатысты.
Қатысушыларға алғыс білдіреміз!

 

жаңалыққа сілтеме

http://www.apsl.edu.pl/main-menu-media/media-najnowsze-informacje/834-spotkanie-z-kultura-kazachstanu-w-naszej-uczelni