қазақша · русский · english
   
  Main  News
11.11.2019

О. Жәутіков атындағы РФММ оқушылары ҚазҰПУ-дағы Абайдың 175 жылдығына арналған шараға қатысты

 

2019 жылдың 8 қарашасында О. Жәутіков атындағы Республикалық физика-математика мектебі мен Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогикалық шеберлік академиясының ынтымақтастығы негізінде Абайтану орталығында «Абайдың 175 жылдық мерейтойы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.


Дөңгелек үстел Абайтану орталығында өткізілді және оның басты баяндамашысы Жабалхан Шойымбет Абай өмірінен қызықты оқиғаларды әңгімелеп, оқушыларға «Абай айтады...» кітабын сыйға тартты. РФММ оқушылары Абай шығармашылығы бойынша керемет концерттік бағдарламасымен келіп, өздерінің Абайдың әдеби мұрасы бойынша терең білімдерін байқатып, өлеңдерін оқып, домбырада ойнау шеберліктерімен таң қалдырды. РФММ мұғалімдері Педагогика және психология институтының педагогика кафедрасына белсенді ынтымақтастық пен тәжірибе алмасулары үшін алғыс хаттарын тапсырды. Педагогикалық шеберлік академиясының мүшелері қонақтарға Quizizz интерактивті әдістерін қолдану арқылы викторина ұйымдастырды. Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар берілді.

 

   

 

   

 

   

 

Педагогикалық шеберлік Академиясы