қазақша · русский · english
   
  Main  News
17.04.2024

Абай университетінің ғалымдары Әндіжан мемлекеттік шет тілдер институтында дәріс оқыды

 

2024 жылдың 8-14 сәуір аралығында «Шақырылған профессор» бағдарламасы аясында Абай университетінің Педагогика және психология институты  «Бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысыАдлет Кариев Андижан мемлекеттік шет тілдері институтында (Өзбекстан) «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер, педагогика және психология» кафедрасының 2-3 курс студенттерімен «Жалпы психология», «Жас ерекшелік психологиясы», «Педагогика және психология» пәндерінен сабақ өткізді. Сондай-ақ, А.Д. Кариев институт оқытушылары үшін 72 сағат көлемінде «Наукаметрия» негіздері, ғылыми жарияланымдар мен жобалық өтінімдерді дайындау әдістемесі» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізді.

 

Әндіжан мемлекеттік шет тілдер институтының басшылары Адлет Кариевтің кәсіби деңгейінің жоғары екендігін ерекше атап өтіп, институттың оқу және ғылыми-әдістемелік үдерісіне белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен марапаттады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=