
 
|  Main /
Announcements 
21.02.2020 Құрметті Абай атындағы ҚазҰПУ-дың студенттері мен оқытушылары! 
 
 Мевлана алмасу бағдарламасына бакалавриат, магистратура және докторантураның студенттері қатыса алады. Студенттердің қатысу шарттары: 1. Бакалавриат, магистратура және докторантура білім беру бағдарламаларының бірінші курс студенттері «Мевлана» алмасу бағдарламасына бірінші семестрде қатыса алмайды. Сонымен қатар, бакалавриаттағы үшінші курс студенттері қатыса алмайды. 
 Осы бағдарламаға қатысу үшін: 1. Candidate Student Application Form толтыру; 
 Мармара университетінде оқитын студенттерге арналған шәкіртақы 1300 айлық лирді құрайды, ол 4 айға есептеледі. Төлем екі бөлікпен беріледі: бірінші, шәкіртақының 80% беріледі; екінші бөлігі, шәкіртақының 20% оқудың соңында нәтижелерге байланысты беріледі. 
 Студенттер әуе жолына және визаға арналған шығындарды өздері төлейді. 
 МЕВЛАНА бағдарламасы конкурсының өту кезеңдері: 
 Барлық құжаттар электронды форматта (PDF) келесі электронды адреске mevlana@abaiuniver.kz 2020 жылдың 4 наурызына дейін жіберілуі керек. Құжаттарды электронды хатпен жіберген кезде тақырыпқа міндетті түрде студенттің аты-жөні, мамандығы және оқу курсы көрсетілуі тиіс. Мысалы: ALIYA_SABYROVA_CHEMISTRY_2YEAR_BACHELOR.Хаттың тақырыбына міндетті түрде студенттің аты-жөнін, мамандығын және курсын жазу қажет; 
 Қосымша ақпаратты келесі веб-сайттан көруге болады: http://mevlana.uluslararasi.marmara.edu.tr/ ПОҚ қатысу шарттары: Профессор-оқытушылар құрамы үшін «Мевлана» бағдарламасыда түрік тарапынан ақысы төленетін кем дегенде аптасына 6 сағатқа дәріс қарастырылады. Егер оқытушылар сағаттардың қажетті санын жинамаса, онда бұл жағдайда олар семинарлар өткізеді, топта жұмыс істейді, сондай-ақ конференцияларға қатысады. 
 ПОҚ ұтқырлығының мерзімі 2 аптадан 3 айға дейін болады. 
 - Academic Staff Information Form толтыру 
 ПОҚ қатысушылары үймен қамтамасыз етілмейді. ПОҚ қатысушыларына күнделікті шығындар 40/50 түрік лирасын (лауазымына байланысты) және 3500 түрік лирі транспорттық шығындарға беріледі. 
 Қосымша ақпаратты Mevlana Exchange Programme Application Details сілтемесінен алуға болады. 
 МЕВЛАНА бағдарламасы конкурсының өту кезеңдері: 1. Барлық құжаттар электронды форматта (PDF) келесі электронды адреске mevlana@abaiuniver.kz 2020 жылдың 4 наурызға дейін жіберілуі керек. Құжаттарды электронды хатпен жіберген кезде тақырыпқа міндетті түрде қатысушының аты-жөні, мамандығы, институтың атауы және кафедрасы көрсетілуі тиіс.  
 Студенттерге, магистранттарға, докторанттарға және оқытушыларға гранттың берілуі немесе берілмеуі жайлы шешімді тек түрік жағы қабылдайды. «Мевлана» бағдарламасына қатысу үшін Халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық бөлімі, №1 оқу ғимараты, 205 кабинет, 8 727 291 36 92 телефоны арқылы байланысу керек. 
 |