қазақша · русский · english
   
  Main  News
20.06.2011

2011 ж. 21-28 мамыры аралығында Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетіне Диосезе Линц (Австрия) университетінің ректоры проф. Ханс Шахл мырза ресми сапармен келді. Сапардың мақсаты - ұстаздар даярлау, Еуропалық Одақтың Эразмус бағдарламасы шеңберінде студенттер мен ПҰҚ алмасу және студенттер мен мұғалімдерге арналған дәріс оқу. Ресми сапары барысында Др.Шахл университетінің тұсаукесерін жасап, «Оқытудың жаңа ғылыми әдістері» тақырыбында дәріс оқыды. Спара нәтижесінде Диосезе Линц университеті мен ҚазҰПУ арасында екіжақты келісім-шартқа қол қойылды.