қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
23.02.2018

«Жүректегі құндылықтар» сахналық көріністер сайысы өтеді

 

2018 жылдың 28 ақпанында п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Гүлбахира Ширинбаеваның ұйымдастыруымен 5В010100 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 5В010200 - Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі, 5В010300 - Педагогика және психология, 5В010500 - Дефектология, 5В012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандықтары бойынша 2 курс студенттерінің арасында «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында «Жүректегі құндылықтар» сахналық көріністер сайысы өтеді.

 

Өтетін уақыты: 28.02.2018 жыл, сағат 15:00-17:00

 

Өтетін орны: Педагогика және психология институты. Төле би, 31., 15 аудитория.

 

Ұйымдастырушылар: Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы. 5В012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы «Мейірім» клубының студенттері