
Главная /
Объявления
11.04.2025
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша конкурс
"Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқуға арналған конкурс жариялайды. Конкурс 2025-2026 оқу жылының күзгі семестріне арналған және Қазақстан Республикасының республикалық бюджеті есебінен 1 және 2- курс студенттері арасында (Қазақстан Республикасының азаматтары және 18 жасқа толған (кәмелетке жеткен) бакалавриат деңгейінде өткізіледі.
Осыған байланысты, Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысқысы келетін студенттер 2025 жылдың 25 мамырына дейін Қазақстан Республикасының Электрондық үкімет порталы (EGOV) арқылы келесі құжаттарды конкурсқа ұсынуы қажет:
1. Қазақстан Республикасы азаматының шетелдік паспортының электронды көшірмесі;
Сондай-ақ құжаттарды университеттің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі арқылы тапсыруға болады. Қажетті құжаттар тізімі:
1. Студенттің өтініші;
Жұмыс уақыты: Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі: дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін. Сенбі, жексенбі және мереке күндері - демалыс (Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес).
Талапкерлерді іріктеу - «Шетелде оқуға, соның ішінде академиялық ұтқырлық аясында оқуға жіберу қағидаларына» сәйкес құрылған конкурстық комиссиямен жүзеге асырылады.
Құжаттарыңыздың қабылданғаны туралы хабарлама алған соң, келесі мекенжай бойынша Халықаралық ынтымақтастық департаментіне келуіңізді сұраймыз:
Вернуться назад |
|
050010, Республика Казахстан
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
Канцелярия: 8 (727) 390 60 05
Приемная комиссия/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04
8 (727) 291 57 68
Прием граждан по личным вопросам
|
|
Цифровой центр обслуживания студентов «Шапағат» Статистика посещений
|