
Главная /
Объявления
30.10.2024
С.Ж. Пралиевті еске алуға арналған ІІ Халықаралық форум өтеді Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Білім беру стратегиялары: болашақ кадрларды даярлау» халықаралық педагогикалық форум өтеді. Бұл маңызды іс-шара көрнекті қоғам қайраткері, белгілі ғалым-педагог, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Серік Жайлауұлы Пралиевті (1952-2022) еске алуға арналған.
Форумның басты мақсаты - 2008-2017 жылдар аралығында еліміздің жетекші педагогикалық университетін он жылға жуық басқарған С.Ж.Пралиевтің шығармашылық мұрасын насихаттау болып табылады.
Форумда білім беруді цифрландыру жағдайында педагог кадрларды кәсіби даярлаудың өзекті мәселелері; қазақстандық білім берудегі инновациялық процестер; ЖОО-да оқытудың психологиялық-педагогикалық және әдістемелік аспектілері; жоғары білім сапасының мониторингі; инклюзивті білім берудің қазіргі мәселелері талқыланады. Отандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен өтетін Форум педагогикалық білім беру саласында білім мен тәжірибе алмасуға ықпал етеді.
Өтетін күні: 10 қаңтар 2025 ж. Форум форматы: Offline-online.
Вернуться назад |
|
050010, Республика Казахстан
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
Канцелярия: 8 (727) 390 60 05
Приемная комиссия/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04
8 (727) 291 57 68
Прием граждан по личным вопросам
|
|
Цифровой центр обслуживания студентов «Шапағат» Статистика посещений
|