қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
08.04.2015

2015 жылдың 1- 4 сәуір аралығында Түркістан қаласында Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің 5В011100-Информатика мамандығы бойынша VII Республикалық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға Республикамыздың он бес жоғары оқу орындарынан 45 студент сынға түсіп, программалау пәнінен білімдерін көрсетті. Олипиаданың бірінші туры студенттердің топтық сайысынан тұрса, екінші туры студенттердің жеке сайысына арналды. Бірінші турдың нәтижесі бойынша Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттері:
1. Сарсембек Алихан -1 курс,
2. Бекбулатова Ұлдай - 2курс,
3. Әбен Данияр Махатұлы - 2 курс

жүлделі 2-орынды иемденсе, екінші турдың (жекелей сайыс) нәтижесі бойынша бірінші орынды (Әбен Данияр Махатұлы) иемденді.
Ұйымдастыру комитеті университет командасы студенттеріне Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің 5В011100-Информатика мамандығы бойынша VII Республикалық олимпиадасына белсенді қатысуына белсенді ықпал жасағаны үшін ҚазҰПУ ректоры Пірәлиев Серік Жайлауұлына алғыс білдірді.
Ұйымдастыру комитеті Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттерін Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің 5В011100-Информатика мамандығы бойынша VII Республикалық олимпиадасының бас жүлдесінің иегері ретінде танып, келесі VIIІ Республикалық олимпиадасын өткізу мәртебесін берді.
Сонымен қатар, Математика, физика және информатика институтының директоры М.Ж.Бекпатшаевқа, «Информатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі А.С. Бердышевқа, команда студенттерін олимпиадаға даярлаған «Информатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының профессоры Г.З.Халықоваға, доцент С.А.Нұғмановаға және команда жетекшісі А.Н.Сарсенбаеваға институт атынан алғыс білдіреміз.