
Главная /
Объявления
28.02.2023
«Білім беруде АІ-құралдарын пайдаланудың үздік тәжірибелері мен практикасы. ChatGPT-дің білім беру үдерісіне әсері» семинары
2023 жылдың 1 наурызында Абай университетінде «Білім беруде АІ-құралдарын пайдаланудың үздік тәжірибелері мен практикасы. ChatGPT-дің білім беру үдерісіне әсері» тақырыбында семинар өтеді.
Іс-шараның мақсаты - заманауи білім беруде AI құралдарын пайдалану тәжірибесін және ChatGPT және Edtech бағдарламаларының білім беру мазмұны мен оқу үдерісіне әсерін талқылау.
Семинар барысында «Білім беруде АІ-құралдарын пайдаланудың үздік тәжірибелері мен практикасы» (профессор Ж.К. Нұрбекова); «ISACA білім беру және сертификаттау» презентация (КТ АҚ Аллюр Ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің басшысы М.Миркамилов); «Киберқауіпсіздікте AI және ML пайдалану» (DATS.TEAM IT халықаралық компаниясының ақпараттық қауіпсіздік офицері А.А.Двоянов); «Отандық білім беру платформаларындағы цифрлық оқулықтарға сараптама жүргізу қағидалары» баяндама (ҚР АОМ РҒПБМСО жетекші сарапшысы А.Р.Саябаева) тақырыптарында баяндама жасалып, «Chat GPT және басқа да AI-құралдары оқытушыларға көмек: Білім беру және ғылыми-зерттеу үдерістеріне интеграциялау» (профессор Ж.К. Нұрбекова) шеберлік сабағы мен «Edtech-тің білім беру мазмұны мен оқу үдерісіне әсері. Chat GPT және басқа AI құралдары» форсайт сессиясы өтеді.
Семинарға тәжірибелі сарапшылар, профессор-оқытушылар құрамы және университеттің ғылыми қызметкерлері, ISACA Nursultan бөлімнің мүшелері қатысады.
Ұйымдастырушылар - Абай атындағы ҚазҰПУ, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы (ҚР АОМРҒПБМСО); ISACA IT-мамандарының Жаһандық қауымдастығының Астана бөлімшесі, Қазақстан (ISACA Astana chapter), «Digital Experts Group» (DEG) ЖШС.
Өтетін уақыты мен мерзімі: 1 наурыз 2023 жыл, 17.00-19.00
Өтетін орны: Абай атындағы ҚазҰПУ, Бас оқу ғимараты (Достық, 13), 307-аудитория
Zoom: https://us06web.zoom.us/j/82437298906?pwd=aGNITlJvcDhPZlNYZ0RqNXR3dHByQT09;
Конференция идентификаторы: 824 3729 8906;
Кіру коды: 033690
Вернуться назад |
|
050010, Республика Казахстан
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
Канцелярия: 8 (727) 390 60 05
Приемная комиссия/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04
8 (727) 291 57 68
Прием граждан по личным вопросам
|
|
Цифровой центр обслуживания студентов «Шапағат» Статистика посещений
|