
Главная /
Объявления
09.12.2022
ҚР Тәуелсіздік күніне арналған шахматтан турнир өтеді
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Математика, физика және информатика институның «GARDE» шахмат клубы 2022 жылғы 10 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздік күніне (16 желтоқсан) арналған шахматтан турнир өткізуді жоспарлап отыр.
Турнирдің негізгі мақсаты - студенттердің шахматқа деген қызығушылығын арттыру; логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру және ойын логикасында зейінділігін дамыту, ойын барысындағы қозғалыстың әртүрлі нұсқаларын жылдам және дәл есептей білу; жеңіске деген ерік-жігерді және басқа да адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. Ережелері: ойын 7 тур бойынша өткізіледі (швейцариялық жүйе). 7 ойын толық ойналады. Жеңілген шығып кетпейді. Очко сандары тең болған жағдайда Бухкольц коэффициенті барлығын шешеді. Жеңімпаздарға диплом мен бағалы сыйлықтар табысталады!
Турнирдің өтетін орны: Төле би, 86 (акт залы). Турнирді өткізу күні: 10.12.2022 жыл. Турнирді өткізу уақыты: сағат 11.00-де.
Вернуться назад |
|
050010, Республика Казахстан
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
Канцелярия: 8 (727) 390 60 05
Приемная комиссия/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04
8 (727) 291 57 68
Прием граждан по личным вопросам
|
|
Цифровой центр обслуживания студентов «Шапағат» Статистика посещений
|