қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
25.11.2022

Құрметті әріптестер, докторанттар мен магистранттар!

 

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ХҚ факультетінің халықаралық қатынастар кафедрасы 2013 жылы құрылған халықаралық конференцияны өткізу дәстүрін жалғастыра отырып және Нәзір Төреқұловтың мұрасын насихаттаудың маңыздылығын түсіне отырып, дипломаттың 130 жылдығына арналған Халықаралық Төреқұлов оқуларының 2022 жылы 8 желтоқсанда сағат 10.00 онлайн/оффлайн форматында өткізуді жоспарлап отыр.

 

Конференцияның мақсаты - Нәзір Төреқұловтың дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері, шығыстанушы ретіндегі мұрасын тереңірек зерттеу, сонымен қатар дипломатияның, халықаралық қатынастардың және қазіргі Қазақстанның сыртқы саясатының дамыуның өзекті мәселелерін талқылау.

 

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша жоспарланып отыр:

1. Нәзір Төреқұловтың дипломатиялық қызметі және Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты

2. Дипломатияның даму тенденциялары

3. Дипломатияның сыртқы саясаттағы рөлі

4. ХХІ ғасырдағы халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері

 

Конференция жұмысына онлайн форматында қатысу үшін Microsoft Teams сілтемесі арқылы кіруіңізді сұраймыз: https://bit.ly/3UBAHV3

 

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

 

Конференция материалдары жинағында жариялау үшін, ұйымдастыру комитетіне электрондық пошта арқылы 2022 жылдың 25 қарашасына дейін келесі құжаттарды жіберу қажет:

1. Толтырылған сауалнама (форма қоса тіркелген);

2. Баяндаманың электрондық түрдегі мәтіні (талаптар мен үлгі қоса тіркелген);

 

Ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша таңдалған материалдар негізінде конференция материалдарының электрондық жинағы шығарылады. Баяндамалар толығымен автордың өңдеуінен өтіуі тиіс, сонымен қатар грамматикалық және стилистикалық қателер болмауы тиіс.

 

Анықтама телефондары: 8 701 571 38 38 Нурдавлетова Сания Моряковна, e-mail: saniyanm83@mail.ru.

 

 

Конференцияға қатысуға өтінім

(барлық ақпаратты толтыру қажет; байланыс деректерін толтыруға ерекше назар аударыңыз)

 

Баяндаушының (қатысушының) Т.А.Ә.

 

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

 

Жұмыс орны, қызметі

 

Презентация нысаны

 

Мекен-жайы (жұмыс орны)

 

Байланыс телефондары

 

Электрондық пошта

 

Баяндама тақырыбы

 

Секция атауы

 

Қосымша ақпарат

 

 

Конференцияны ұйымдастыру комитеті