Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында 8-9 желтоқсанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде І республикалық «Арай» (Тәуелсіздік жылдар әндері) фестивалі өткізіледі. Конкурсқа Жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, арнаулы орта және жалпы білім беретін мектеп оқушылары жалпы 16-30 жас аралығындағы әншілер қатыса алады.